Президент атынан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуға, сондай-ақ заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыс етті.
Премьер-министр жаңа Конституцияның қабылдануы қоғамның бірлігі мен тұтастығының көрінісі әрі ауқымды реформалардың маңызды кезеңі болғанын ерекше атап өтті.
«Мемлекет басшысы реформалардың мәні ресми өзгерістерде емес, халықтың өмір сапасын жақсарту, әділеттілікті нығайту және мемлекетке деген сенімді арттыру екенін бірнеше рет атап өтті. Дәл қазіргі жағдайда мемлекеттік аппарат пен бизнес арасындағы үйлесімді жұмыс аса маңызды. Бұл реформалардың тұрақты ілгерілеуін және олардың қоғамға нақты пайдасын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы», — деді Олжас Бектенов.
«Парасат» орденімен марапатталғандар:
- Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов;
- «Қазақстан темір жолы» компаниясы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов;
- мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов;
- Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.