Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
482.33 557.57 5.74

Депутаттар Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласының мәртебесі туралы заңды қарады

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысына қатысты. Онда күн тәртібіне қойылған «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында атап өткендей, Алатауға ерекше мәртебе беру қаланы да, ел ауқымында да барлық бағытта дамыту үшін қажетті шара болып табылады. Осыған байланысты жеке заңда қаланы басқару режимі, қаржылық модельдерді және басқа да маңызды аспектілері белгіленеді.

«Арнайы құқықтық мәртебе – қалаға берілетін артықшылық емес, жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына қажетті шара немесе құрал екенін айта кеткен жөн. Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек. Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет», - делінген Мемлекет басшысының Жолдауында.

Мұнда ерекше салық және бюджет жағдайларын қолдану, цифрлық активтердің айналымын реттеу, пилотсыз технологияларды дамыту және халықаралық стандарттарды енгізу туралы айтып отырмыз. Негізгі жаңалықтарда сонымен қатар инвестицияларды қорғау және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары қамтылған.

Сенат депутаты Серік Шайдаров заң жобасын талқылау барысында жобаны іске асыруға дұрыс көзқараспен қараған кезде Alatau City бүкіл өңірдің экономикасын қайта жандандыруға қабілетті қуатты хаб бола алатынын атап өтті. Дегенмен, барлық ерекшеліктерді ескеру және халықаралық тәжірибені мұқият зерделеу және одан сабақ алу аса маңызды.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс. Бұл капиталды тарту үшін теңдесі жоқ жағдайлар жасауды, прогрессивті реттеуші режим орнатуды, озық инновациялық шешімдерді енгізуді, өмірдің барлық саласында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалануды білдіреді деп атап өтті. Осыған байланысты жобаны жүйелі әрі тиімді іске асыруына кедергі келтіруі мүмкін барлық факторларды ескеру қажет. Бұл аса маңызды міндет», - деді ол.  

Сенатор осыған байланысты жер қатынастары саласындағы проблемаларға, оның ішінде заңсыз құрылыс салу мен жер учаскелерін өз бетінше басып алуға, жер учаскелерін беруде біркелкі болуды талап ететін аяқталмаған рәсімдерге ерекше назар аударды.

«Жалпы Алатауды дамыту негізінен жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады. Бюджеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектордың инвестициялары тек мемлекетке немесе квазимемлекеттік ұйымдарға тиесілі көлік, коммуналдық, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында ғана бағытталуы тиіс. Осыған байланысты, қала басқару органдары, әкімшілік пен әкімдіктің алдында бюджет қаражаты мен тартылған инвестицияны тиімді пайдалану бойынша бірінші кезектегі міндет тұр», - деді Шайдаров өз сөзінде.

Қабылданған қадамдар инновацияға бағдарланған ұлттық экономиканың орнықты өсуін ынталандыруға, жоғары технологиялық салаларға инвестиция тартуға және Алматы агломерациясының жинақталған әлеуеті негізінде іскерлік және инновациялық белсенді халықаралық маңызы бар өңірлік орталығын қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар Парламент Палаталарының бірлескен отырысында екінші оқылымды өткізу 27 наурызға жоспарлануда. Заң жобасын наурыз айының соңына дейін Мемлекет басшысының қарауына енгізу көзделіп отыр.

Отырыс барысында сенаторлар Бекбол Орынбасаров, Әлібек Нәутиев және басқалар сөз сөйледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив