Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
482.33 557.57 5.74

Семейде «Достығы мен бірлігі жарасқан Қазақ елі!» атты мерекелік концерт өтті

Кеше, 16:17 018.kz

2026 жылғы 21 наурыз күні Семей қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай «Достығы мен бірлігі жарасқан Қазақ елі!» атты мәдени-мерекелік концерт өтті. Іс-шара қаланың орталық алаңында, М. Әуезов атындағы алаңда ұйымдастырылды.

Мерекелік кештің негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Наурыз мейрамының мазмұнын жастар арасында кеңінен насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныту болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жастардың шығармашылық белсенділігін арттыруға және қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлауға басымдық берді.

Іс-шара барысында қоғамдағы бірлік пен татулық тақырыбы кеңінен қозғалып, жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Концерттік бағдарламада Семей қаласының танымал эстрада орындаушылары өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Мереке аясында елімізде өткен референдум қорытындылары да сөз болды. Спикерлер жаңа Конституцияның ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

«Наурыз – халқымыздың бірлігі мен жаңаруын айқындайтын ерекше мереке. Референдум нәтижелері еліміздің болашағына бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Мұндай тарихи кезеңде жастардың белсенділігі аса маңызды», – деді «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Темірлан Мақсатұлы Бақтияров.

Іс-шараға қала тұрғындары мен жастар белсенді қатысып, жалпы қатысушылар саны 1000-ға жуықтады. «Достығы мен бірлігі жарасқан Қазақ елі!» атты концерт көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлап, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісіне айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив