Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
481.83 556.8 5.85

Депутаттар нотариат қызметін цифрландыру мәселелерін талқылады

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс депутаттары – Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері «Нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері және нотариаттық қызметті цифрландыру» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді. Іс-шара аясында депутаттар цифрлық технологияларды қолдану арқылы нотариат қызметіндегі проблемалық мәселелерді, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен нотариустардың электрондық архивін дамытудың басым бағыттарын талқылады.

Отырыста Комитет төрайымы Снежанна Имашева Қазақстанда нотариат қызметі отыз жылға жуық уақыт бойы мүлік қатынастары саласындағы азаматтар мен бизнестің құқығы мен заңды мүдделерін қорғап келе жатқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол елдің құқықтық жүйесінің, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Дегенмен, нотариат жүйесі реформалауды қажет етеді.

– Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда Мәжіліс қарауында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бар. Заңнамалық бастаманың негізгі мәні – саладағы бірқатар процестер әртүрлі себептермен қазіргі заман талаптарына сай келмей, оларды бейімдеу қажеттілігі туындап отыр, – деді депутат.

Отырыс барысында тиісті мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдері баяндама жасады. Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова нотариат институтын дамыту мемлекеттік құқықтық саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Парламентте қаралып жатқан заң жобасы саланы кешенді жаңғыртуға бағытталған, оның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, атқарушылық жазба институтының ашықтығын арттыру және мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру қарастырылған. Әсіресе атқарушылық іс жүргізу автоматты түрде бөлу жүйесін енгізуге ерекше назар аударылған, бұл нотариусты субъективті таңдау мүмкіндігін жойып, жүйеге деген сенімді арттырады.

Өз кезегінде Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков нотариат қызметін цифрландыру мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Цифрлық нотариат» жобасы аясында бірқатар онлайн қызметтер іске асырылған, оның ішінде сенімхаттарды қашықтан куәландыру және өтініштерді онлайн беру қызметтері бар. Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және азаматтарды мобильді сервистер арқылы хабардар ету тетіктері енгізілуде. Бұл нотариаттық рәсімдердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттырады.

Сондай-ақ отырыс барысында Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Полумордвинов сөз сөйледі.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және кәсіби қоғамдастық мүшелері нотариат жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Айтылған ұсыныстар мен практикалық ескертулер одан әрі заң жобасы бойынша жұмыста ескерілетіні атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив