Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
482.53 555.44 5.92

Этика мен отбасылық құндылықтар Энергетика министрлігіндегі семинардың тақырыбына айналды

Кеше, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Энергетика министрлігінде мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен сталкингті алдын алу, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру және заңға мойынсұнушылық мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында ҚР ІІМ Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының инспекторы, полиция капитаны Айжан Көшкінбайдың қатысуымен оқыту семинары өтті. Қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған қолданыстағы заңнама нормалары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, тиісті әрекет ету алгоритмдері мен зардап шеккендерді қорғау шаралары талқыланды.

Семинарда әдеп нормаларын сақтау мен агрессияның кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатының маңыздылығына ерекше назар аударылды, себебі мемлекеттік қызметші кәсіби қызметте де, жеке өмірде де жоғары құқықтық сауаттылық пен отбасылық құндылықтарға адалдықтың үлгісі болуға тиіс. Мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізу ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға және тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар жасау қаупін азайтуға септігін тигізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив