Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Астана – Семей бағыты бойынша «Цифрлық вагон» пилоттық жобасы іске қосылды

30-03-2026, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Наурыз мерекесі күндері Астана – Семей бағыты бойынша «Цифрлық вагон» пилоттық жобасы іске қосылып, жолаушыларға ТТС ұсынған Starlink спутниктік интернеті қолжетімді болды.

Қазіргі кезеңде жоба пойыз құрамындағы екі вагонды қамтиды. Жолаушылар жол барысында интернетті еркін пайдаланып, мультимедиялық портал арқылы фильмдер мен сериалдар көре алады, электронды және аудиокітаптарды оқып, ойын ойнап, пайдалы ақпаратқа қол жеткізе алады.

Интернетке қосылу үшін жолаушылар вагондағы QR кодты сканерлеп, «Интернетке қосылу» бөлімін таңдап, телефон нөмірін енгізіп, SMS арқылы келген кодты растауы қажет.

Барлық цифрлық қызметтер жол бойы тегін қолжетімді.

Жоба жолаушыларға көрсетілетін сервистің сапасын арттыруға және теміржол көлігінде заманауи цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған. Пилоттық кезең нәтижесі бойынша жобаны кеңейту жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив