Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
481.54 553.24 5.93

Абай облысында Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Германияның Инцель қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті.

27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында облыс спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Кездесу барысында аймақ басшысы спортшылар мен олардың жаттықтырушысына алғыс айтып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.

«Бүгінде мемлекет тарапынан спортты дамытуға, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Осыған сәйкес Абай облысында да спорт инфрақұрылымын дамыту мен талантты спортшыларды қолдауға арналған кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Сіздердің жетістіктеріңіз – атқарылып жатқан жұмыстың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жаңа белестерді бағындыра бересіздер деп сенемін», – деді Берік Уәли.

Шара барысында әлем чемпиондары Вадим Чебардаков пен Анастасия Беловодоваға және олардың жеке бапкері Ильмира Хамитоваға құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің алғыс хаты мен арнайы сертификат табысталды. Спортшылардың жаттықтырушысына «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі берілді.

Спортшылардың жеке бапкері өз ризашылығын білдірді.

«40 жылға уақыт бапкер болып жұмыс істеймін. Шәкірттерімнің осындай тарихи жетістікке жеткені – облыстың ғана емес, елдің мерейі. Абай облысының спортшыларының жоғары деңгейде өнер көрсетіп жатқаны зор қуаныш. Алда –  Азия ойындары. Енді соған дайындалатын боламыз», – деді Ильмира Хамитова.

Айта кетейік, Вадим Чебардаков масс-старт бәсекесінде 5:29.87 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетіп, алтын медаль иеленді. Ал қыздар арасындағы командалық спринт сайысында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Құрама сапында өнер көрсеткен Абай облысының спортшысы Анастасия Беловодова командаластарымен бірге ел намысын абыроймен қорғап, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив