Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
478.77 548.62 5.87

Мысыр Араб Республикасы баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мысыр Араб Республикасының баруға ұсынылмайтын мемлекеттер тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Бұл шешім аталған елдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ азаматтық инфрақұрылымның, оның ішінде халықаралық әуежайлар мен туристік аймақтардың жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып қабылданды.

Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы ахуалдың әлі де шиеленісті болып қалуына, сондай-ақ өңірдің бірқатар мемлекеттерінде әуе кеңістігінің мезгіл-мезгіл жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі келесі елдерге жағдайдың толық тұрақтануына дейін сапарлардан бас тарту жөніндегі ұсынымдарын сақтайды: Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Оман және Сирия.

Өңірде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, ықтимал қауіпті аймақтарға барудан бас тарту, жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң сақтау, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға (қорғаныс орындарына) бару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу қажеттігі тағы да еске салынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив