Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Алматыда қолжазбаларды қалпына келтіру бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

1-04-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда «Ғылым Ордасының» реставрация және консервация орталығында «Қазақстанның жазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру: заманауи тәсілдер мен ғылыми тәжірибе» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасы, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы және Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілдері мен Астана, Атырау, Түркістан және Есік қаласынан арнайы келген сала мамандары қатысты.

Семинар барысында кітапты дәстүрлі қаттау әдісі, құрылымы және безендіру ерекшеліктерін ескере отырып, шығыс тілдеріндегі қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптарды сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қолжазбаларды қалпына келтіру бойынша Қазақстан мен Түркияның тәжірибелері салыстырылды.

Семинар Қазақстанның қолжазба мұрасын зерттеу және сақтау ғылыми жобасы аясында өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив