Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
478.77 548.62 5.87

Анкарада Түркі әлемі баспагерлерінің Халықаралық конгресі өтті

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Түркияның Анкара қаласында Түркі әлемі баспагерлерінің Халықаралық конгресі өтті. Іс-шараға баспагерлер, аудармашылар, жазушылар мен сала мамандары қатысты.

Профильдік комиссиялардың отырыстарында баспа саласын дамытуға қатысты заңнамалық реттеу, зияткерлік меншікті қорғау, аударма, контент сапасы және баспа стандарттары сынды бірқатар маңызды бағыттар талқыланды.

Қазақстан делегациясы шетелдік серіктестермен өткен кездесулерде отандық тәжірибені таныстырып, ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін ортаға салды.

Бұдан бөлек, қатысушылар саладағы басым бағыттар мен ұзақмерзімді мақсаттарды айқындайтын декларацияны талқылады. Конгресс жұмысы аясында Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаңа бастамалар ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив