Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
475.09 551.06 5.87

Абай облысының оқушысы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік жобасында апталық ойын жеңімпазы атанды

Кеше, 19:30 018.kz

Қазақстандық оқушылардың бірнеше буыны армандаған, талай дарынның жұлдызын жаққан «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік жобасында Үржар ауданының оқушысы Эльнара Молданова жобаның апталық ойын жеңімпазы атанды.

«21 ғасыр көшбасшысы» оқушылар арасындағы республикалық зияткерлік ойыны еліміздегі дарынды оқушыларды анықтауға арналған бірден-бір жоба. Аталған жоба жасөспірімдердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және білімді жастарды ел дамуына тартуға ықпал етеді.

Эльнара Молданова қазіргі таңда Үржар ауданы, Науалы ауылындағы Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы. Ол әр жылдары түрлі пәндер бойынша олимпиадалардың жеңімпазы атанып, білім мен ізденістің жоғары үлгісін көрсетіп келеді.

Бұл жетістік өңірдегі білім саласында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың, ұстаздар еңбегінің және дарынды жастарды қолдауға бағытталған бастамалардың нақты нәтижесі. 

Жаңа маусымның басты ерекшелігі-инновация. Шешуші кезеңдегі сурет-сұрақтар алғаш рет жасанды интеллект көмегімен әзірленді. Бұл жоба форматының жаңарып, заманауи технологиялармен үндескенін көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив