Абай облысында 16 спорт нысаны пайдалануға берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Абай облысында спорт саласы қарқынды дамып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бахыт Бекбосынов мәлімдеді.
Өңірде бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда спортпен жүйелі айналысатын тұрғындар үлесі 42%-ға жетіп, 2026 жылы бұл көрсеткішті 44%-ға арттыру жоспарланған. Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі де өсіп келеді.
Алдағы ірі халықаралық жарыстарға да дайындық жүріп жатыр. 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына, Сенегалдағы жасөспірімдер Олимпиадасына және Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына облыстан бірқатар спортшылар қатысуға үміткер.