Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Алматыда заманауи қазақ романдарының авторлары марапатталды

2-04-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда заманауи қазақ прозасын дамытуға және авторларды қолдауға бағытталған «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шарада ҚРПремьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Онда бұл жобаның ұлттық әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосатыны, заманауи қоғамдық үдерістерді зерделеуге ықпал ететіні, сондай-ақ уақыт тынысын, қоғамның жай-күйін және адам тағдырын бейнелейтін жаңа романдардың жазылуына жол ашатыны атап өтілген.

Байқауға 3000-нан астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша финалға сегіз автор шықты. Бас жүлдені «Кельндегі көкжал» романы үшін жазушы Жүсіпбек Қорғасбек иеленді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздың туындысы экранизацияланады.

Сондай-ақ жеті автордың шығармалары 1000 дана таралыммен жарық көріп, арнайы жүлдемен марапатталды. Олардың қатарында Думан Рамазан («Сынақ»), Қуаныш Жиенбай («Аралқұмдағы ақырғы аялдама»), Нұржан Қуантайұлы («Опасыз ойын»), Асқар Алтай («Каскад»), Мұрат Алмасбек («Екі жағалау»), Қуат Бораш («Тәубе») және Айым Ақылтай («Қарыз») бар.

Салтанатты рәсімде үздік шығармалардың таныстырылымы өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив