Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Халықаралық балалар кітабы күніне орай экскурсиялар мен көрмелер ұйымдастырылды

3-04-2026, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық балалар кітабы күніне орай жас ұрпақ арасында оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға педагогтер, ата-аналар мен жас оқырмандар қатысты.

Шара аясында қонақтар үшін «Кітапханаға саяхат» атты экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар кітапхананың қызметімен, қорларымен және оқырмандарға арналған мүмкіндіктерімен танысты.

Сондай-ақ «Кітаппен өс, біліммен өркенде» атты кітап көрмесінде қазақ, орыс және өзге тілдердегі 125 баспа өнімі ұсынылды. Көрмеге ертегілер, танымдық және көркем әдебиет, комикстер мен мерзімді басылымдар қойылды.

«Отбасымен оқимыз» клубы аясында Бейбіт Қойшыбаевтың «Менің досым» шығармасы бойынша әдеби талдау өтті. Қатысушылар шығарманың мазмұнымен танысып, кейіпкерлердің әрекеттері арқылы достық, адалдық пен адамгершілік құндылықтар жайында ой бөлісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив