Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Әйелдер істері жөніндегі комиссия отырысында әлеуметтік қолдау мен цифрландыру мәселелері қаралды

3-04-2026, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі заманауи тәсілдер мен цифрлық технологиялардың рөлі кеңінен талқыланды.

Отырыста Отбасын қолдау орталықтарының қызметіне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда облыс бойынша 4 орталық белсенді жұмыс істеп, азаматтарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетуде. Сонымен қатар, өңірдің цифрлық экожүйесінің архитектурасы таныстырылып, бұл жүйенің әйелдерді қолдау мен отбасылық саясатты тиімді жүзеге асырудағы маңызы атап өтілді. Цифрлық платформаларды одан әрі дамыту қажеттігі де көтерілді.

Комиссия отырысы барысында салалық басқарма мен аудан әкімдіктеріне әйелдерді қолдау орталықтарын ашу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ көпбалалы отбасылар арасындағы әлеуметтік тәуекелдерді төмендету мақсатында түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленді.

2027 жылдың соңына дейін Абай облысының барлық аудандарында Отбасын қолдау орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Бұл бастама өңірдің кез келген елді мекеніндегі тұрғындардың сапалы әлеуметтік және психологиялық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив