Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
470.46 543.1 5.86

Мәжіліс депутаты айналымды сумен жабдықтау нормасы қашан күшіне енетінін айтты

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылы 9 сәуірде Мемлекет басшысы алғаш рет айналымды және қайталама сумен жабдықтауды заңнамалық тұрғыда реттеуді енгізетін жаңа Су кодексіне қол қойған болатын. Су кодексін қарау жөніндегі жұмыс тобын басқарған Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Mazhilis.kz сайтына берген сұхбатында бұл өзгерістер кәсіпорындардың жұмысы мен халықтың өміріне қалай әсер ететінін айтып берді.

Мәжіліс депутаты су үнемдеу технологияларының айналымды және қайталама сумен жабдықтау секілді екі түрі бар екенін түсіндірді. Айналымды сумен жабдықтау жұмыс барысында бір суды бірнеше рет пайдалануды білдіреді. Ал қайталама сумен жабдықтау ағын суды немесе жаңбыр суын жинап, оларды үшінші тұтынушыларға, мысалы, ауыл шаруашылығына немесе көршілес кәсіпорындарға бағыттауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда елімізде айналымды сумен жабдықтау жалпы тұтынылатын судың шамамен 15–17%-на тең. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 30%-ға жетуге тиіс, сөйтіп тіршілік нәрін айтарлықтай үнемдеуге және таза ауыз судың көлемін арттыруға мүмкіндік туады.

П.Казанцев су үнемдеу технологияларын енгізу инвестициялар мен уақытты қажет ететінін, бұл әсіресе әсіресе ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін маңызды екенін атап өтті. Осы мақсатта Кодексте ірі кәсіпорындар үшін бес жылға дейін, ал шағын және орта бизнес үшін екі жылға дейінгі мерзімді құрайтын өтпелі кезең қарастырылған. Осы аралықта компаниялар жобаларды әзірлеп, бекітіп, қажетті технологияларды енгізуге тиіс.

– 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап, яғни тоғыз айдан кейін, бұл норма күшіне енеді. Бір жылдан кейін болсын, екі жылдан кейін немесе үш жылдан кейін болсын, қалай болғанда да сіз межеленген уақыт ішінде атқарылатын істің жоспарын құрып, технологияны анықтап, оны нақты орындау қадамдарын қазірден бастап бекітуіңіз керек. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы су пайдалануға мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай жағдайда рұқсат берілмейді, – деп атап өтті депутат.

Су үнемдеуді пайдалануға жұртшылықты ынталандыратын шаралар да дайындалуда. Ол үшін тұтынудың стандартты көлемі төмендетілген тарифпен төленіп, ал нормадан тыс тұтынғаны үшін жоғары тарифпен есептелетін көпсатылы тарифтер енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Павел Казанцев салалық министрлік тарапынан осы нормалар бойынша жан-жақты түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты. Ресми сайтта су үнемдеу және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша түсіндірме материалдар жариялануда. Мектептерде оқушыларға судың құндылығын және оны үнемдеу тәсілдерін түсіндіретін іс-шаралар, семинарлар өткізіледі, нақты тәжірибелік мысалдар көрсетіледі.

Сұхбаттың бейненұсқасын Мәжілістің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көре аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив