Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

ҚР ИИДМ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары талқыланды

1-02-2023, 14:33 Думан Кенжеғазыұлы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ведомство басшысы Марат Қарабаев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховтың қатысуымен отырыс өткізіліп, онда министрліктің құзырындағы салаларда жемқорлық фактілерін болдырмаудың жолдары пысықталды.

Айталық, кеңес барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға байланысты іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелері қарастырылып, сондай-ақ құрылыс саласы бойынша бұл бағыттағы қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының тармақтарын орындау мәселелері қаузалды.

Бұл ретте жоғарыда аталған іс-шаралар жоспарындағы тармақтардың орындалуы туралы Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т.Абдуллин, Көлік комитеті төрағасының орынбасары Д.Қоспабаев, сондай-ақ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Т.Қарағойшин айтып берді.

Кездесудің қорытындысы бойынша ИИДМ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі министрлікке қарайтын салаларда жемқорлық әрекеттерін алдын алу мен заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимылды орнату жөнінде шешім қабылдады. Бұл өз кезегінде осы бағыттағы жұмысты уақтылы әрі сапалы орындауға септігін тигізбек. Бұған қоса қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған міндеттерді іске асыруда тығыз ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив