Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Бағдат Мусин интернет сапасына қатысты шұғыл жиналыс өткізді

1-02-2023, 14:44 Думан Кенжеғазыұлы

ЦДИАӨМ министрі Бағдат Мусин байланыс сапасының проблемалық мәселелері бойынша байланыс операторларымен жиын өткізді. Ведомство басшысының айтуынша, байланыс сапасына тұрғындардың шағымдары арта түсуде.

«Бүгінгі таңда интернет - бұл әлеуметтік қажеттілік, оны адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі деп айтуға болады. Біз тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге міндеттіміз», - деді Бағдат Мусин. Министр бұл мәселе тек ауылдарда ғана емес, Астананың Сол жағалауының орталық көшелерінде де өткір тұрғанын атап өтті.

«Жұртшылық бостан бос шағымданбайды. Астанадағы Тұран даңғылына шықсақ байланыстан ажырап қалатын кездер болады.  Манхэттен, SAT City тұрғын үй кешені және КАЗГЮУ аумағында  байланыс сапасы нашар. Сіздер бұл жақта көп қабатты үйлердің көп емес екенін түсінулеріңіз керек. Бұл мәселені бірлесіп шешуіміз керек".

Бағдат Мусин өзара іс-қимылды күшейтуді және техникалық қызмет басшыларымен, құрылыс компанияларымен, жер иелерімен тығыз байланыс орнатуды және жағдайды үнемі бақылауды тапсырды. Оның айтуынша, проблемалық жер учаскелерін анықтап, әкімдікпен бірге мәселені сол жерде шешу қажет. Министр операторларды байланыс сапасына қатысты мәселелерді уақытылы шешуді тапсырды.

"Біз реттеуші ұйым ретінде айыппұлдарды салуды тоқтатпаймыз, алайда бірақ менің ойымша, бұған басқаша бағытта қарау керекпіз. Яғни, келіссөздерге келіп, әр тақырып пен бағыт бойынша мәселелерді бірлесе шешуіміз керек", - деп қорытындылады өз сөзін Бағдат Мусин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив