Парламентте 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі қабылданды
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін қабылдады.
Есепті кезеңде Үкімет негізгі бюджеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Шығыстардың әлеуметтік бағыты сақталды, ұлттық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау, халықтың табысын арттыру және мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайту шаралары қабылдануда.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы тұрақты оң серпінді сақтап қалды, ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің артуы $15 млрд-ты құрады. Экономикалық өсу аясында орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетті, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Еңбекақының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асты. Алдағы уақытта жұмыс осы көрсеткішті орташа әлемдік деңгейге 40% жақындатуға бағытталады.
«Үкімет экономикалық өсімді түпкі мақсат мақсат деп қарастырмайды. Бұл – барлық қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған негізгі мақсатқа жетудің маңызды құралы. Сондықтан біз негізгі мақсатқа жету үшін қарқынды экономикалық өсуді қамтамасыз етуіміз керек. Соңғы жылдары, пандемиядан кейінгі кезеңнен бері Қазақстан экономикасы жыл сайын шамамен 5%-ға серпінді өсіп келеді. Біз мұны жақсы нәтиже деп санаймыз, барлық басқа көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету үшін экономикалық өсуді ынталандыру қажет. Өткен жылы қыркүйек айында инфляция 12,9%-ға жетті. Қазір Үкімет, Ұлттық банк және басқа да мүдделі құрылымдар қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде осы жылдың бес айында инфляция көрсеткіші 10,4%-ға дейін төмендеді. Біз қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша жақын арада инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.
2025 жылы республикалық бюджет кіріс базасының тұрақтылығы мен мемлекеттің басым міндеттемелерін орындау арасындағы теңгерімді сақтай отыра орындалды. Кірістер жоспардың 99%-ына орындалып, 21,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері, трансферттерді есептемегенде, 15,3 трлн теңгеге жетті. Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті. Бұл мұнайға қатысты емес кіріс базасын кеңейтуге, салықтық әкімшілендіру сапасын арттыруға және тиімсіз жеңілдіктерді қысқартуға қатысты жұмыстарға негіз қалыптастырады.
Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды: салаға 9,3 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыға – 5,9 трлн теңге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2,1 трлн теңге бағытталды.
Қаражатың басым бөлігі өңірлерді қолдауға жұмсалды – 7,7 трлн теңге. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылы 50%-ды құрады, бұл олардың кіріс бөлігін өз бетінше дамыта түсу қажеттігін білдіреді.
Еліміздің ұзақмерзімді қаржылық тұрақтылығының негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылатын Ұлттық қорды нығайту бойынша да жұмыстар жалғасуда. Оның активтері 2025 жылдың соңында $73,8 млрд-қа жетті, оның ішінде $63,9 млрд-ы – валюталық қордың активтері
Одан бөлек, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2026 жылы әр балаға $130,7-ден келсе, 3 жылдың ішінде $370,6 жиналды. Қазір Ұлттық банкпен бірге осы есеп-шоттардағы пайдаланылмай тұрған қаражатты басқару жайы пысықталуда.
Әлеуметтік инфрақұрылым мен адами капиталды дамыту шеңберінде 198 мектептің және 655 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды. 10 мыңнан астам студенттер үшін 30 жатақхана пайдалануға берілді. 7,5 мың колледж студенті, жоғарғы оқу орындарының 23,6 мың студенті мен магистранты және докторанты жатақханамен қамтамасыз етілді
Цифрлық экономиканы дамыту және жаңа салалар үшін кадрлар даярлау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілген. Astana Hub экожүйесінде 2,2 мыңнан астам компания тіркелген.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5 141 тұрғын үй сатып алынды
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылды. Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жүк транзитінің жалпы көлемі 39,1 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 18%-ға өсті. Көлiк-логистика бағыты бойынша еліміздің транзиттік қуатын ашуға бағытталған бірнеше жобалар жүзеге асуда. Мәселен, «Достық – Мойынты» және Алматы қаласының айналма темiржол желiсiнiң құрылысы аяқталса, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз» темір жолдарының құрылысы жалғасуда. Жалпы бұл жобалардың жүзеге асуы транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайтуға, ал транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жол және жолаушылар инфрақұрылымын жаңғырту жалғасуда. Барлық жұмыс түрлерімен 13 мың шақырымға жуық автожол қамтылған. Теміржол және авиамаршруттарды субсидиялау есебінен 16,7 млн-нан астам жолаушы тасымалданды.
2025 жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдау күшейтілді. Саланы қаржыландыру көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 172 млрд теңгеге артық. Сонымен қатар, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда: тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 14,5%-ға немесе $2,6 млрд-қа ұлғайып, $20,5 млрд-ты құрады. Инвестициялық белсенділікті одан әрі кеңейту үшін инвестициялық штаб өткен жылы 70 млрд теңге сомасына 126 жоба бойынша проблемалық мәселелерді реттеді.
Үкімет бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру, тұрақты кіріс базасын нығайту және әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі жұмысты жалғастырады. Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға, өңірлерді дамытуға және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылады.