Көкпекті ауданының 2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
2025 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткішінің оң серпіні байқалады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі 8 көрсеткішінің ішінен тек екі көрсеткіш бойынша ғана жеткізілген жоспарлы көлемнің орындалуы күтілуде: құрылыс жұмыстарының көлемі, көтерме сауда көлемі.
Анықтама: Құрылыс жұмыстары көлемінің жоспар тапсырмасы 22 000,0 млн.теңге, болжамды орындалуы 22 000,0 млн.теңге, өсу қарқыны 104,1% (2024 жыл – 21 135,5 млн.теңге), НКИ 100,0%. Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 100,0 пайыз.
Көтерме сауда көлемінің жоспар тапсырмасы 429,5 млн.теңге, болжамды орындалуы 785,0 млн.теңге, өсу қарқыны 219,3% (2024 жыл – 358,0 млн.теңге). НКИ-235%. Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 182,8 пайыз.
1) Өндірілген өнеркәсіп өнімінің жоспар тапсырмасы 1 102,6 млн.теңге, болжамды орындалуы 1 230 млн.теңге. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 123,2% (2024 жыл – 998,3 млн.теңге), нақты көлем индексі 98,7%. Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 111,6 пайыз.
Өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны оң болғанымен, тау-кен өндіру өнеркәсібінде көлемдердің болмауы нақты көлем индексіне кері әсерін тигізуде.
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің жоспар тапсырмасы 762,9 млн.теңге, болжамды орындалуы 700,0 млн.теңге, өсу қарқыны 119,3% (2024 жыл – 586,9 млн.теңге), нақты көлем индексі 113,0%. Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 91,8 пайыз.
Анықтама: Өңдеу өнеркәсібі аудан аумағында азық-түлік өнімдерін өндіру, тоқыма бұйымдары, резеңке және пластмасса өнімдерін шығару, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату салаларында жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің ай сайынғы қайта санау есептері (досчеты) арқылы қалыптасады.
Ауданда аталған бағыттарда өнеркәсіптік көлемде жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар жоқ.
Ауданның аграрлық бағытта болуына байланысты өңдеу өнеркәсібінің негізгі үлесі нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіретін наубайханалар мен сүт өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің қызметі есебінен қалыптасады.
Тау-кен өнеркәсібінде өнімінің жоспар тапсырмасы қаңтар - желтоқсан айларында 339,7 млн. теңге, болжамды орындалуы 41,0 млн.теңгені құрайды. Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 12,1 пайыз.
Тау-кен өнеркәсібінде аудан бойынша жалғыз кәсіпорын – «Eastern Gold» ЖШС арқылы ұсынылған. Кәсіпорын «Родниковое» кен орнында қатты пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады.
Жоспардың орындалмауы кәсіпорын басшылығының прекурсорларға (кен өңдеу кезінде қолданылатын химиялық материалдар) лицензияның болмауына және оны алу рәсімінің ұзақтығына байланысты 2025 жылғы 31 қазанда кәсіпорынды 2026 жылдың наурызына дейін консервациялау туралы шешім қабылдағанымен түсіндіріледі.
Анықтама: Ағымдағы жылы бұл салада «Көкпекты жолдары» ЖШС-нің 2024 жылдың 4 тоқсаны үшін тапсырған досчеттары көрсетілді. Директордың айтуынша, 7000 тонна көлемінде қиыршық тас (щебень) өткізілген. Бүгінгі күні кәсіпорын қиыршық тасты тек өз қажеттілігіне өндіруде.
Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету саласы бойынша «Altai Resources (Алтай Ресорсез)» ЖШС көлемдері көрсетілді. Кәсіпорын геологиялық барлау жұмыстары аясында учаскеде геофизикалық зерттеулер жүргізіп, геологиялық бағдарлама орындаған. Кәсіпорын шағын санатында тіркелгендіктен, көлемдер қайта санау есептері арқылы енгізілді.
Биыл бұрғылау жұмыстарын жүргізу жоспарланған еді, алайда «Семей орманы» мекемесімен қорғаныш аймағын шектеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бұрғылау жұмыстары кейінгі мерзімге шегерілді.
2) Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жоспар тапсырмасы 37 322,0 млн.теңге, болжамды орындалуы 35 322,0 млн.теңге, өсу қарқыны 100,4% (2024 жыл – 35 178,7 млн.теңге), НКИ 84,0%. Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 94,6 пайыз.
Ағымдағы жылы ауа райы жағдайларына байланысты өсімдік шаруашылығы бойынша өткен жылдың деңгейіне жете алмай отырмыз. Осыған байланысты жоспарлы тапсырманың орындалмайды.
3) Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің жоспар тапсырмасы 39 000 млн.теңге, болжамды орындалуы 24 396,3 млн.теңге, өсу қарқыны 88,3% (2024 жыл – 27 636,1 млн.теңге). НКИ 80,0%. Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 62,6 пайыз.
Ағымдағы жылы инвестиция құрылымындағы негізгі үлесті «көлік және қоймалау» саласы алып отыр – 18 005,8 млн теңге немесе 82,0%. Аталған көлемнің ішінде «ҚазАвтоЖол» АҚ тарапынан Омбы – Майқапшағай автомобиль жолын реконструкциялау жобасы аясындағы инвестициялық салымдар көрсетілген, олардың үлесі 78,5%-ды құрайды.
2025 жылы бұл жобаның аяқталуына байланысты инвестициялар көлемінің айтарлықтай төмендеуі күтіледі. Осыған байланысты ағымдағы жылға белгіленген жоспарлы көрсеткіштің орындалмау қаупі бар, сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны қамтамасыз етілмеуі мүмкін.
Шаруа қожалықтарымен техника сатып алу бойынша 633,4 млн. теңге енгізілді. Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» АҚ арқылы 580,0 млн. теңге және бюджет есебінен 473,9 млн. теңге күтілуде.
4) Тұрғын үйді пайдалануға беру жоспар тапсырмасы 8 000,0 ш.метр, болжамды орындалуы 6 500,0 ш.метр, өсу қарқыны 122,1% (2024 жыл – 5 322,0 ш.метр). Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 81,25 пайыз.
Жеке құрылыс салушылар тарапынан ағымдағы жылы пайдалануға беруге дайын, құрылысы толық аяқталған тұрғын үй нысандарының болмауына байланысты жылдық жоспардың орындалмау қаупі туындауда.
5) Бөлшек тауар айналымының жоспар тапсырмасы 6 077,3 млн.теңге, болжамды орындалуы 5 200,0 млн.теңге, өсу қарқыны 110,5% (2024 жыл – 4 707,4 млн.теңге). НКИ 108,5%. Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 85,6 пайыз.
Жеткізілген жоспарды орындамау қаупі бар, себебі қазіргі уақытта Көкпекті ауылында тұрмыстық техника мен тұтыну электроникасының «Alser», «ТехноДом» интернет дүкендері жұмыс істемей қалды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін оң динамика сақталады.
6) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының жоспар тапсырмасы 1393 бірлік, болжамды орындалуы 1230 бірлік. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 96,7% (2024 жылы – 1272 бірлік). Жоспар тапсырманың болжамды орындалуы 88,3 пайыз.
Көрсеткіштің төмендеуінің негізгі себебі – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жабылу санының олардың ашылу санынан артып кетуі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы
Есепті кезең бойынша 2 826,9 тонна мал және құс еті, 28 642,0 тонна сүт, 6 322,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Ағымдағы 11 айдың қорытындысы бойынша ауданда келесі мал басы тіркелген:
- ІҚМ – 59 755 бас, соның ішінде сиырлар – 33 448 бас;
- қой мен ешкі – 60 593 бас;
- жылқы – 15 686 бас;
- шошқа – 96 бас;
- құстар – 38 374 бас.
Бүгінгі күнге Көкпекті ауданында асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал бойынша 10 746 басты құрайтын 155 шаруа қожалықтары бар. Оның басым бөлігін қазақтың ақбас тұқымы құрайды - 8 922 бас, одан кейін абердин-ангус тұқымы - 830 бас, 3 орында семинтал тұқымы – 600 бас, герефорд тұқымы - 288 бас, ең азы әулиекөл тұқымы – 106 бас.
Асыл тұқымды мүйізді ұсақ малға келетін болсақ, басым бөлігін қазақтың құйрықты қара жүнді қойы – 1 611 басты құрап отыр. Сонымен қатар, "Байыс" қазақтың құйрықты жартылай қылшық жүнді қойының ішкі тұқымдық типі - 824 басты құрайды, ал қазақтың құйрықты жартылай жүндес қойы 17 бас қошқар тек қойлардың тауарлық аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге қолданылады. Барлығы 2452 басты құрайтын 25 шаруа қожалықтары бар.
Асыл тұқымды жылқы бойынша 60 бас айғырларды құрайтын 4 шаруа қожалықтары бар, оның 52 мұғалжар жылқы тұқымы, 8 бас қазақ тұқымы, жабе түрі.
Көкпекті ауданы бойынша «Елім-ай Көкпекті» ЖШС АӨК 5000 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бордақылау алаңында 2200 бас ірі қара бұқашықтары бордақылануда.
Ауданда 722 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілері 699.
Өсімдік шаруашылығы:
Көкпекті ауданы бойынша 2025 жылғы егіс алқаптарының құрылымы келесідей:
- жалпы аудан бойынша егістік жер – 124,4 га
Оның ішінде:
- сүр жерлер (пары) – 24,7 мың га;
- дәнді-дақылдар – 53,3 мың га;
- майлы дақылдар – 41,0 мың га;
- жемшөп – 5,4 мың га;
- картоп – 100 га.
Ауданда өсімдік шаруашылығы негізінен құрғақ егіншілік жағдайында жүзеге асырылады, мұнда дәнді және бұршақты дақылдар өндірісі кең таралған. Егіс алқаптарының құрылымында дәнді және бұршақты дақылдар 43%-ды, күнбағыс – 33%-ды, жемшөп – 4,3%-ды құрайды.
Бүгінгі күнге жедел ақпаратқа сәйкес, барлығы 53,3 мың га алқаптан 53,9 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділік 10,1 ц/га құрады. Сонымен қатар, 41,5 мың га алқаптан майлы дақылдар жиналды, орташа өнімділік 10,5 ц/га құрап, 43,6 мың тонна өнім жиналды.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Бұл жағдайдың негізгі себептерінің бірі – ауа райының қолайсыздығы, яғни көктемгі және жазғы кезеңде күннің қатты ысып кетуі байқалды, сонымен қатар егіс салынғаннан кейін жауын-шашынның ұзақ уақыт болмауы топырақтағы ылғал қорының күрт төмендеуіне алып келді. Бұл тұқымның бөртуіне және өсімдік өскіндерінің қалыпты дамуына кедергі жасады.
Тыңайтқыштар бойынша.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың өзектілігін ескере отырып, минералды тыңайтқыштарды енгізу өте маңызды. 2025 жылғы егінге егістік топырақтың құнарлылығын арттыру үшін аудан шаруашылықтарымен жалпы 8010,7 тонна минералды тыңайтқыштардың барлық түрлері енгізілді. Тыңайтқыштардың басым бөлігі шетелдік өндірушілердің «20:20 маркалы құрамында азот-фосфор күкірті бар күрделі тыңайтқыш» түрі болып табылады.
Тұқым бойынша.
Күзде жоғары сапалы дәнді дақыл жинау үшін жоғары сапалы тұқым материалын дайындау аса маңызды. Аудан диқандары дәнді дақылдардың тұқымын негізінен өздерінің былтырғы өнімі есебінен пайдаланады. 2025 жылдың өніміне барлық дақылдардың тұқым қажеттілігінің көлемі 7738 тоннаны құрады, оның ішінде: дәнді дақылдар – 7533 тонна, майлы дақылдар – 205 тонна.
Ауданның аграршылары дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар және картоп тұқымдарымен толық қамтамасыз етілген. Барлық тұқымдық материалдар көктемгі дала жұмыстарына дейін сапалық түрде тексерілді.«Қазагрэкс» деректері бойынша аудан бойынша тексеруден 6068 тонна тұқым өтті.
Техника және дизель отыны бойынша.
Аудан шаруашылықтарында бүгінгі күні егіс жұмыстарына толығымен тартылған тракторлардың, егіс және топырақ өңдеу техникасының қажетті саны бар, атап айтқанда: 956 бірлік трактор, дөңгелекті трактор 766, шынжыр табанды 90, жүк автомобильдері 194, трактор тіркемелері 219, трактор соқалары 225, қопсытқыштар 208, дән сепкіштер 449, тұқым тиегіш машиналар 24, тырмалар 2973.
Мемлекет басшысының машина-трактор паркін жаңарту деңгейін 10% - ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ағымдағы жылы 1,3 млрд. теңге сомасына 58 бірлік және өз қаражаты есебінен 234,0 млн. теңгеге 14 бірлік техника мен тіркеме агрегаттар сатып алынды (барлығы 72 техника, 1520,0 млн. теңге).
Ағымдағы жылы ауданға барлығы 7663 тонна көлемінде арзандатылған дизель отыны бөлінген. Оның ішінде, көктемгі дала жұмыстарына 4333 тонна болса, күзгі жиын-терім жұмыстарына 3330 тонна бекітілген. Операторлардың босату бағасы 1 литр үшін 253-254 теңгені құрайды.
Суармалы жерлерді дамыту.
Аудан бойынша 5959,0 га суармалы жерлер бар. Суармалы жерлер негізінен аудандағы «Ақтоған», «Кіші бөкен», «Ворошилов» каналдарынан келетін сумен суарылады. Каналдар Үлкенбөкен, Көкжайық ауылдық округтерінің аумағы арқылы өтеді. Бұл каналдардан 18 ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерінің жерлері су алады.
«Елім-ай Көкпекті» ЖШС «Ақтоған», «Ворошилов» каналдары арқылы келетін сумен мал азығын дайындау үшін 1700 га егістік жерлерін суармалы егістікке айналдырды. Бүгінгі күнге серіктестік 25 жаңбырлатып суару машиналарын қолданып мол өнім алуға қол жеткізді. Бұл АӨК-ң мал азығын толық қамтамасыз ету үшін өте тиімді. Жоңышқаны бір маусымда 3-4 шауып алса, жүгерінің өнімділігі 1 гектарынан 450-500 центнерге дейін өнім береді.
Көкпекті ауданы бойынша 3 магистралды каналдар бар, олар «Малобуконский», «Актоган» и «Ворошиловский». Жалпы жүктелген ауданы 5959 га. Оның ішінде:
- «Малобуконский» магистралды каналы – 1766 га;
- «Актоган» магистралды каналы - 2116 га;
- «Ворошиловский» магистралды каналы – 2077 га.
«Малобуконский» магистралды каналының суын 6 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері қолданады. «Орнек» ЖШС – 764 га, «Тұйғын» ШҚ – 202 га, «Бастау» ШҚ – 130 га, «Кабыл-Капар» ШҚ – 270 га, «Талап» ШҚ – 300 га, «Қызыл-Ту» ШҚ – 200 га. Каналға су Кіші бөкен өзені арқылы жиналады.
«Актоган» магистралды каналының суын 8 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері қолданады. «Чингиз» ШҚ – 316 га, «Талап» ШҚ – 245 га, «Рустам» ШҚ – 187 га, «Ақ-ой» ЖШС – 83 га, «Ғалымжан Агро» ЖШС – 119 га, «Елім-ай Көкпекті» ЖШС – 907 га, «Мадияр Астық» ЖШС – 229 га, «Ел» ШҚ – 30 га. Каналға су Кіші бөкен және Үлкенбөкен өзендері арқылы жиналады.
Каналдарға жалпы жүктелген аудандардың 25%-н аспайтын (1500 га) мөлшерде егістік жерлер суарылады. Себебі Көкпекті ауданында шілде айының ортасында жыл сайын Көкпекті, Кіші бөкен және Үлкенбөкен өзендерінде су деңгейі маусымдық күрт төмендейді. Сонымен қатар осы өзендерді қоректендіруші су қоймасы жоқ.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Малобуконский» магистралды каналының басына су қоймасын салу қажет. Су қоймасы салынған жағдайда, жаздың қуаңшылық кезеңдерінде «Малобуконский» және «Ақтоған» магистралды каналдары сумен қамтылатын болады. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер егістік алқаптарын мезгіліне екі рет суаруға қол жеткізеді. Жем-шөп өнімінің ұлғаюына ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, аудан бойынша магистральды каналдардың суын тиімді пайдалану мақсатында «Елім-ай Көкпекті» ЖШС тәжірибесіне сүйене, жаңбырлатып суару машиналарын қолдануды басқа АШТӨ тиімділігін түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қолданысқа енгізуді көбейту қажет.
Субсидиялау жүйесі
Мемлекет ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндіріс шығындарын азайту және өнімділікті арттыру мақсатында түрлі субсидиялар ұсынады. Мал шаруашылығын қолдау
Асыл тұқымды мал басын сатып алуға, селекциялық жұмыстар жүргізуге және жем-шөп шығындарын өтеуге арналған субсидиялар беріледі. Бұл малдың өнімділігін арттырып, сапалы мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
2025 жылы Көкпекті ауданының 109 фермерлері мен шаруашылықтары мал шаруашылығы саласы бойынша 1,0 млрд. теңге көлемінде субсидия алды. Оның ішінде ірі қара малға барлығы 663,45 млн. теңге:
- асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға – 22,5 млн. теңге;
- ірі қара малдың асыл тұқымды аналығын сатып алуға (жергілікті) – 122,1 млн. теңге;
- ірі қара малдың асыл тұқымды аналығын сатып алуға (шет мемлекеттен) – 220,0 млн. теңге;
- селекциялық жұмыстарға – 201,1 млн. теңге;
- сүт өндірісінің құнын арзандату – 333,0 млн. теңге;
- бордақылау алаңдарына – 118,5 млн. теңге.
Ұсақ мүйізді малға барлығы 30,5 млн. теңге субсидия алынған. Оның ішінде:
- жергілікті асыл тұқымды қойларды сатып алғаны үшін – 18,0 млн. теңге;
- селекциялық жұмыстарға – 12,5 млн. теңге.
Омарташылық бойынша 2 шаруашылыққа 9,0 млн. теңге субсисдия төленген.
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына сәйкес 2024 жылы аудан бойынша 60 фермерлер мен шаруалар 1,3 млрд. теңге көлемінде субсидия алды. Олардың басым бөлігі сатып алынған техникаға жұмсалған шығыстарының бір бөлігінің құнын қайтарды.
Сонымен қатар, 2025 жылы барлығы 33 фермерлер мен шаруашылықтар 1,6 млрд. теңге көлемінде несие алған. Несиелер Аграрлық несие корпорациясының Кең дала/Кең дала 2, Агробизнес бағдарламалары арқылы алынды. Кең дала несиелеу бағдарламасы бойынша 24 фермерлер мен шаруашылықтар 1,1 млрд. теңгені несиелік серіктестік «Көкпекті-Несие» ЖШС-і арқылы алса, Кең дала-2 несиелеу бағдарламасы арқылы 9 фермерлер мен шаруашылықтар 467,1 млн. теңгені Аграрлық несие корпорациясының Абай облыстық филилалынан тікелей алған. Бұл несие қаражаттары көктемгі егіс жұмыстарына жұмсалды.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2025 жылғы 1 желтоқсан жағдайына жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 1230 бірлікті құрайды. Жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің жалпы санынан заңды тұлғалардың үлесі - 6,8% - құрады (84 бірлік), жеке кәсіпкерлер - 42% (517 бірлік), шаруа қожалықтары – 51,1% (629 бірлік).
Жалпы жылдың басынан бері 105 бизнес субъектілері тіркелді. Соның ішінде басқа өңірлерде жұмыс ітсеп жатқан 5 заңды тұлға Көкпекті ауданына ауысты. Нәтижесінде ауданның өзіндік кірісі ұлғаюда.
2025 жылы аудан орталығында 1 ұсақтүйек, 2 азық-түлік дүкендері, 1 қонақүй және монша кешені, 2 мейрамхана ашылды.
Инвестиция тарту
Аудан әкімдігі қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және бизнес-қоғамдастықтармен белсенді өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыс жүргізуде.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік және қызмет көрсету саласында 920 млн. теңге жеке инвестициялар тартылды.
Келесі жобаларды іске қосу жоспарлануда:
- Аудан орталығында 60-80 орынға арналған жеке меншік балабақша құрылысы жүргізілуде. Инвестиция бойынша кіріс 270,0 млн. теңге. Жаңадан 20 жұмыс орны ашылады,
- Тіс емханасы, жалпы құны 50 млн. теңге (5 жұмыс орны);
- 19 нөмірлік қонақүй, жоба құны 300,0 млн. теңге (15 жұмыс орны);
- Көкпекті ауылында кемпинг және жанармай құю станциясы, жоба құны 300,0 млн. теңге (10 жұмыс орны).
Бұдан бөлек ауданда шағын кәсіпкерлік қарқынды дамуда. Атап айтсақ, құрылыс материалдарын, жиһаз және тамақ өнеркәсібін өндіру, кірпіш және брусчатка шығару, шұжық өндірісі бойынша шағын цех жұмыс жасауда.
Жер қатынастары
Аудан аумағы әкімшілік шекарасында - 909936,0 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 586,687,2 гектар, елді мекен жерлері – 129984,0 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер – 1783,1 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері – 13853,3 гектар, су қорының – 60285,0 гектар және босалқы жерлер – 117462,1 гектар.
2025 жылы зерттеу қортындысы бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесінде малдары тіркелмеген, жер телімін мақсатына сәйкес пайдаланылмаған жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі жалпы көлемі – 2509,97 гектарды құрайтын (оның ішінде егістік – 51,0 гектар, шабындық – 132,4 гектар, жайылым – 2053,43 гектар, басқа жерлер – 0,8 гектар) 13 жер телімі анықталды.
Анықталған жер телімдері Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімімен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы, 3- тармағының 18-1 тармақшасына сәйкес пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерді анықтау мақсатында Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментіне Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес тексеріс жүргізіп мәжбүрлеп алып қою шараларын жүргізу үшін хат жолдады.
2025 жылға аудан бойынша – 18000 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеріс жүргізілу және мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Жалпы көлемі – 18114,81 гектар жер 101%; (оның ішінде: егістік – 102,0 гектар, шабындық – 1151,45гектар, жайылым – 16 848,66 гектар, басқа жерлер – 12,7 гектар) құрайтын 63 жер учаскесінің жалдау шарты бұзылып мемлекет меншігіне қайтарылды.
Тұрғын үй
Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үйді құрылысы қарқынды дамуда.Көкпекті ауданында 2025 жылы кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін меморандум шарты бойынша жергілікті атқарушы органдарға 58 тұрғын үйдің құрылысы басталды, бір пәтердің ауданы 85 ш.м., бір пәтердің құны 20 млн. 400 мың теңгені құрайды.
Көкпекті ауылында - 25 екі пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде мердігер: «Оспан Айдын» ЖШС - 15 екі пәтерлі үй, «Маутканов Арнур Самаркандович» ШҚ - 10 екі пәтерлі үй құрылысын жүргізуде.
Үлгілімалшы ауылында - 2 екі пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Мердігер «Pro.Nan» ЖШС Үлгілімалшы ауылында құрылыс жүргізуде.
Преображенка ауылында - 2 екі пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Мердігер «Pro.Nan» ЖШС Преображенка ауылында құрылыс жүргізуде.
Автомобиль жолдары
Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 500,6 км құрайды, оның ішінде:
- "Омбы-Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 161 км құрайды, 40 су өткізгіш құбырлар мен 5 көпір.
- Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 45 км құрайды,16 су өткізгіш құбырлар мен 3 көпір.
- Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 294,6 км құрайды,46 су өткізгіш құбырлар мен 3 көпір.
Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар 282,4 шақырым жолдың 81 шақырымы жақсы жағдайда, 153,3 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, 48,1 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.
2025 жылы көлік инфрақұрлымын жақсарту бағытында 1 013,5 теңге бөлінді;
«Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы» жолының 43-54 учаскесі 11 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізуге – 701,6 млн. теңге бөлінді. Қалған бөлігін 2026 жылы жөндеу жоспарлануда.
Көкпекті ауылында ұзындығы 5 шақырым көшелерді орташа жөндеуге 273,2 млн. теңге бөлінді (Тәуелсіздік (1250 м), Уәлиханов (1050 м), Авдеев (1100 м), Алтынсарин (1100 м), Абылайхан (500 м);
Жансары, Ақой, Ақтас, Көкпекті және Үлкенбөкен ауылдарында жолдарды тегістеу, ағымдағы жөндеу және шұңқырларды жабу жұмыстарына 38,7 млн. тенге бөлінді.
Бұдан бөлек, демеушілік көмек есебінен (кәсіпкер Қанат Сақан) Көкпекті ауылында Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебіне апаратын жол (Бармақ батыр – Болғанбаев көшелер қиылысы) және Әбішев көшелеріне 1 шақырымға жуық асфальт төселді.
"Омбы - Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 906-1321 км. (Боғас учаскесі - Байбура-Қалбатау учаскесі) учаскесінде қысқы күтіп ұстау жұмыстарын SinSin ЖШС-і жүргізуде. Инертті материалдар қажетті мөлшерде әкелінді. 995 км Байбура Ұйымда 13 техника (2-Фронталды жүктеуіш, 2-Грейдер, 1-Шнекоротор, 1-Бульдозер, 1-қиғаш күрек, 1 аралас жол машиналары,3-Самосвалдар, 1-Экскаватор, 1-Трал), 995-1045 км 7 техника (1 аралас жол машиналары, 2-Автогрейдер, 3-Погрузчик, 1-Бульдозер) Республикалық маңызы бар жолдарды тазалау және кеңейту жұмыстарын жүргізді.
Ауданда аудандық маңызы бар автомобиль жолдар бойынша ауылдарға кіре беріс жолдарды қардан тазарту бойынша 14 конкурс өткізіліп, барлығының жеңімпаздары анықталды.
Жалпы ауданда бүгінгі күні ауданда аудандық маңызы бар жолдарды және ауылдың ішкі жолдарын қысқы қардан тазалау жұмыстарын жүргізетін 2 мекеме бар :
«Көкпекті» ШЖҚ КМК - 6 бірлік техника
«Көкпекті-Жолдары» ЖШС – 17 бірлік техника
Осы жылдан бастап ауданда алғаш рет субсидияланатын жолаушылар тасымалы жүзеге асырылуда. Бұл бастама халық тарапынан үлкен қолдау мен ризашылыққа ие болды.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап аудан орталығы Көкпекті ауылында ауыл ішіндегі қоғамдық көлік жұмыс істей бастады.
Сондай-ақ 2025 жылдың маусым айынан бастап Көкпекті-Шұғылбай бағыты бойынша аудандық бюджеттен субсидияланатын ішкі маршрут іске қосылды. 1 қазаннан бастап Көкпекті-Үлгілімалшы екінші маршрут іске қосылды. Бұдан бөлек тұрғындардың өтінішіне сәйкес қыркүйек айынан бастап облыстық маңызы бар Көкпекті – Семей маршруты іске қосылды.
Абаттандыру
Былтырғы жылы Көкпекті ауданында абаттандыру бойынша 20,9 млн. теңгеге 2 жоба іске асырылса (Ажа ауылында воркаут құрылысы 7,4 млн.теңге, Көкпекті ауылында спорт алаңы 13,5 млн.теңге), биылғы жылы 17 жоба - шағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы және воркауттарды орнатуға жалпы сомасы 222,2 млн теңге қаражат бөлініп, іске асырылуда (Биғаш, Көкпекті, Үлкенбөкен, Жансары, Преображенка, Черноярка, Үкілікыз, Теректі, Үшкөмей, Ақой, Қарамойыл, Үлгілімалшы және Толағай ауылдары).
Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 131,6 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылды.
Жалпы 2025 жылы ауданды абаттандыруға 748,5 млн теңге бөлінген.
Тұрғындардан түскен ұсыныстар мен шағымдарға сәйкес бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінді.
Жүргізілген талдауға сәйкес, халық саны 13 мың адам бола тұра, 28 елді мекенде балаларға арналған ойын алаңдары тек 3 ауылда болды, ал аудан орталығы – 5 мың тұрғыны бар Көкпекті ауылында 1 ғана балалар ойын алаңы болды.
Ажа, Көкпекті, Үлкенбөкен, Преображенка, Черноярка, Үкіліқыз, Биғаш, Теректі, Үлгілімалшы, Тассай, Қайнар, Ақсу, Үшкөмей, Шұғылбай, Мелитополь, Көкжайық ауылдарында көше жарықтандыруын орнатуға 92,1 млн. теңге бағытталды.
Жайлы және функционалды орта құру мақсатында абаттандыру объектілерін жайластыруға 357,3 млн. теңге қарастырылған.
Бөлінген қаражат есебінен жүзу бассейні құрылысын аяқтау, субұрқақты жөндеу, жағажай орналастыру, Көкпекті ауылына кіреберіске арка орнату, қоқыс контейлерлері мен автобус аялдамаларын орнату, саябақтарды жөндеу және абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Ауылдық округтің әкімшілік ғимараты, ауылдық клубтар және өрт сөндіру бөлімін жөндеуге 76,9 млн. тенге (Көкпекті, Биғаш, Үлгілімалшы, Тассай а/о) бөлінді.
Сумен жабдықтау және су тарту.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша "Күшті өңірлер - елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде Биғаш, Шұғылбай, Карамойыл, Мамай, Шәріптоғай су құбыры желілерінің құрылысы 2023 жылы басталды (1,9 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 1,5 млрд. теңге игерілді, бас мердігер: "LifeStoryInvest" ЖШС; бес жобаның бастапқы жалпы құны - 2,3 млрд. теңге). Құрылыс кезінде өндірістік жұмыстар кестесінен едәуір артта қалуына байланысты 2023 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру аяқталған жоқ. Шарттық міндеттемелердің мерзімі 31.12.2024 жылы аяқталды.
Бүгінгі күні 448 млн.теңгені қайтару бойынша 2024 жылдың наурыз айында Абай облысының тексеру комиссиясы жүргізген аудит қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар фактілерін ескере отырып, сот процестері жүргізілуде.
Объектілердің құрылысын аяқтау бойынша шаралар қабылдануда. Тиісті құжаттар пакеті мәселені одан әрі облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін Абай облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасына жіберілді. Инвестициялық жобалар құнының қымбаттауына байланысты ЖСҚ түзету бойынша жұмыс жүргізілуде (өйткені ЖСҚ сараптамасы 2020 жылы алынған).
2025 жылы Ақой ауылында су құбыры желілерін салуға – 343,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен - 289 202,0 мың теңге.
- облыстық бюджеттен - 54 476,0 мың теңге.
Жоба ауыспалы, нысан бойынша 2024 жылы 101 000,0 мың теңге игерілді.
Тұрғындарды байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету үшін
Бигаш ауылында радиотелефон байланысы желісінің жабдықтарын орналастыру үшін биіктігі 30 м Антенналық діңгек құрылысына облыстық бюджеттен – 40 959,0 мың теңге бөлінді.
Жоба ауыспалы, нысан бойынша 2024 жылы 20,0 млн. теңге игерілді.
Білім беру
2025 жылы Көкпекті ауданының білім нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 137670,0 мың теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
1. “Үлкенбөкен орта мектебі” – мектептің қазандығын, жылу магистралін және жылу жүйесін ағымдағы жөндеу – 25 038,96 мың теңге; Жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
2. “Куйбышев атындағы негізгі мектебі” – мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеу – 2 964,234 мың теңге; Жөндеу жұмыстары аяқталды.
3. “Қ. Аухадиев атындағы орта мектеп” – мектеп ғимаратының терезелерін ауыстыру жөндеу жұмыстары – 18 138,527 мың теңге; Жөндеу жұмыстары аяқталды.
4. “Жансүгіров атындағы орта мектеп” – мектеп ғимаратының терезе блоктарын жөндеу – 15 385,949 мың теңге; Жөндеу жұмыстары аяқтылды.
5. “Романовка негізгі мектебі” – мектеп алдындағы алаңды жөндеу (тротуар плиталарын төсеу) – 4 998,755 мың теңге; Жөндеу жұмыстары аяқталды.
6. “Абай атындағы мектеп-балабақша кешені” – мектеп ғимаратын жөндеу – 11 647,384 мың теңге. Жөндеу жұмыстары аяқталды.
7. “Жансүгіров атындағы орта мектеп” – мектеп ғимаратының терезе ойықтарын ішінара жөндеу, жүргінші жолдары мен тротуар плиталарын төсеу – 16402,788 мың теңгеге, жөндеу жұмыстары аяқталды.
8. “Шайжунусов атындағы орта мектебі” – мектептің қазандығы мен жылыту магистралін ағымдағы жөндеу жұмыстары – 17500,0 мың теңге, жөндеу жұмыстары толық аяқталды;
9. “М. Әуәзов атындағы орта мектебі” – мектептің жанындағы интернат ғимаратының жылу жүйесін ағымдағы жөндеу – 10 150,0 мың теңге; мектептің жылу магистралін ағымдағы жөндеу – 6 112,0 мың теңге; мектептің қазандығында қазанды ауыстыру – 4 321,0 мың теңге; Жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
10. «Шәріптоғай негізгі мектебі» автоматты өрт дабылы жүйесін ауыстыру бойынша - 5008,0 мың. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.Аудан бойынша барлық ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған.
Пәндік кабинеттер (физика, химия, биология, STEM) сатып алу
2025 жылы 3 мектепке жаңа модификациялық кабинеттер сатып алынды. Келесі мектептерге: Көкпекті орта мектебі, А.С.Пушкин атындағы орта мектебіне – биология кабинеттер, Қ.Аухадиев атындағы орта мектебіне физика кабинеті. Жаңа модификациялық кабинеттер мектептерге 100% жеткізілді. Қосымша 2025 жылы Көкпекті, Үлкенбөкен, Көкжайық, Романовка, Шәріптоғай және Әуезов атындағы орта мектебіне жаңа парталармен орындықтар сатып алынды бюджеттен 36,6 млн.тенге бөлінді.
Мәдениет саласы
Көкпекті ауданының мәдениет ұйымдарының желісі 23 бірлікті құрайды. Оның ішінде 1 мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, 9 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану мұражайы және Тілдерді оқыту орталығы қызмет көрсетеді.
Аудан көлемінде тіркеуде тұрған 10 тарихи – мәдени ескерткіш бар, олардың ішінде археологиялық ескерткіш – 7, қала құрылысы және сәулет ескеркіші – 3.
Мәдениет мекемелерін кадрлық қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады. Қазіргі таңда, мәдениет қызметкерлерінің жалпы санының 15 % жоғарғы білімі, 68 % орта білімі бар. Қажетті мамандар көркемдік жетекші, домбырашы, қыл қобызшы мамандықтары қажет.
2025 жылдың жарты жылдығында мәдени ошақтарда 261 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді, қатысқан адам саны - 68 805 адам.
2025 жылдың төтенше жағдай уақытында Көкпекті ауданының мәдениет ошақтарымен 60 концерт өткізілді. Көрермендер саны : 4500 адам.
Спорт саласы
Көкпекті ауданына 9 ауылдық округ және 28 елді мекен 18 мектеп ғимараты бар. Көкпекті ауданының спорт ғимараттарының желісі 55 спорт нысанын құрайды, оның ішінде балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 3 спорт залы, залы мектептерде 17 спорт залы, 10 хоккей қорапшасы, 1 кіріктірілген спорт залы (Толағай ауылы), 23 жазықтық құрылым, 1 ипподром. Барлық спорт нысандарында халықтың келуіне жағдай жасалып, келу кестесі бекітілген.
Биылғы жылдың мамыр айында Көкпекті ауылында жүзу бассейні қолданысқа берілді. Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерді. Ғимараттың жалпы аумағы – 856,8 шаршы метр. Жүзу бассейнінің ұзындығы – 25 метр, ені – 8,5 метр. Бассейнде бір уақытта 10 адам жаттыға алады. Жүзуге арналған 4 жолақ қарастырылған.
Қазіргі таңда нысанда 2 жаттықтырушы, 2 инструктор жұмыс істейді. Бассейн күніне 80 спортшыны қабылдауға қауқарлы.
Ауданның барлық спорт нысандары күн сайын және демалыс күндері барынша тартылып халыққа бару кестесі жасалып бекітілген.
Дене тәрбиесі кадрлары бойынша ауданда 79 спорт маманы қызмет атқарады. Олар: жалпы орта білім беретін мектептерде – 51 мұғалім, спорт мектебінде – 24 жаттықтырушы, спорт бойынша әдіскерлер – 2, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 2 маман қызмет атқарады.
Ауданда балаларды спортқа баулумен айналысатын 3 мемлекеттік мекеме бар.
1. Ұлттық спорт ойындары орталығындағы 7 үйірмеде бүгінгі күні 60 аса бала ұлттық ойындармен шұғылдануда. Бұдан бөлек, балаларымызға қосымша білім беретін тағы 2 мекеме бар. Бүгінгі күні Балалалар шығармашылық сарайының 4 спорттық үйірмесінде 100 аса бала білім алса, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі күні 8 спорт үйірмесінде 796 бала білім алуда.
Көкпекті ауданында қысқы спорт түрлерінен спорттық іс шаралардың біріңғай күнтізбелік жоспарын бекіту мен іске асыру жөніндегі жұмысы қалыптасып ұйымдастырылуда. Жалпы ауданда екі қысқы спорт түрінен ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары арасында спорттық жарыстар, жолдастық кездесулер белсенді түрде өткізіліп тұрады.
Материалдық техникалық база бойынша мектептерде қазіргі уақытта 50 дана шаңғы, коньки – 44 дана, 61 дана хоккей формалары бар. Жақын арада ауданның барлық білім беру мекемелері спорттық жабдықтармен толық қамтамасыз етілетін болады. Аудан бойынша 18 білім беру мекемелерінде 10 хоккей қорабшасы бар. Сонымен қатар, әрбір ауылда шаңғы тебу жолдары да жасалған.
Денсаулық сақтау
Аудан халқына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында Көкпекті аудандық ауруханасының инфрақұрылымын жақсарту бағытында екі ірі жоба жүзеге асырылуда:
1. Аурухана ғимаратының қасбетін жөндеу
551 млн 497 мың теңге сомасына «AGM Service» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде.
Тапсырыс беруші – Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК.
Объектіні тапсыру мерзімі – 2025 жылғы 1 шілде.
Қазіргі таңда жұмыстар 55%-ға орындалған.
2. Ауруханаға кіру тобын қайта құру
36 млн 109 мың теңгеге «КОРПОРАЦИЯ QR» ЖШС тарапынан кіреберіс және баспалдақтарды қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда.
Тапсырыс беруші – Абай облысының құрылыс басқармасы.
Нысанды тапсыру мерзімі – 2025 жылғы 1 шілде.
Бұл аурухана ғимараты алғаш рет 2010 жылы қолданысқа берілген болатын. Ал 2024 жылы мекеменің шатыры мен жылу жүйесін күрделі жөндеуге 216,8 млн теңге, ал қажетті құрал-жабдықтар алуға 5,9 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы Шәріптоғай, Мамай, Биғаш, Қарамойыл, Үшкөмей және Үлгілімалшы ауылдарында 6 жаңа медициналық пункт салынды.
Көктемгі су тасқынының алдын алу
2024-2025 жылдарға арналған инженерлік жұмыстардың бекітілген жоспары шеңберінде жалпы сомасы 20,9 млн. теңгеге іс-шаралар орындалды, оның ішінде:
Үлкенбөкен ауылындағы (су қоймасы (бөгет) – 3,2 млн. теңгеге, Преображенка ауылындағы Талменка өзеніндегі жинақтаушы тоғанға - 1,5 млн. теңгеге, Көкпекті ауылындағы жинақтаушы тоғанға – 1,5 млн. теңгеге) барлығы 6,2 млн.теңгеге көп факторлы тексеру жүргізілді.
Өзен арналарын реттеу 14,7 млн. теңгеге (Қ. Аухадиев ауылдық округіндегі Талменка өзені, Үкілікыз учаскесі - 3,4 млн. теңге; Шұғылбай ауылдық округіндегі Тентек өзені, Мелитополь учаскесі – 5,2 млн.теңге; Тассай ауылдық округіндегі Көкпекті өзені, Кленжыр учаскесі – 6,1 млн. теңге).
2025 жылға облыстық бюджеттен жағалауды нығайту және арнаны тазалау жұмыстарына барлығы 37,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
- Биғаш ауылындағы «Кіндікті» өзенінде жағалауды нығайту және арнаны тазарту жұмыстары – 26,9 млн. теңге;
- Биғаш ауылдағы Көкпекті өзенінің арнасын тазалау жұмыстары – 8,1 млн. теңге;
- Көкпекті ауылындағы Көкпекті өзенінің арнасын тазарту жұмыстары – 2,4 мың теңге.
2024 жылы су тасқын салдарынан Тассай ауылына кіреберіс жолындағы көпір бұзылған болатын. Аталған көпірді қалпына келтіру үшін «Тассай ауылына кіреберіс» тас жолындағы Жүзағаш өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді (жобалаушы «KAZDORPROJECT» ЖШС – 19,8 млн. теңге). Бүгінгі таңда жобалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. 2025 жылдың наурыз айының соңында мемлекеттік сараптаманы алу жоспарлануда. Салалық басқармаға құрылысты қаржыландыруға 1,043 млрд теңгеге бюджеттік өтінім жіберілді.
Әлеуметтік қамтамасыз ету
Аудан бойынша 2025 жылдың 25 желтоқсан айына атаулы әлеуметтік көмек 125 отбасына, оның ішінде 650 адамға 70,8 млн.теңге тағайындалды. Соның ішінде, көпбалалы отбасылар саны -50, аз қамтылған отбасылар саны- 75. Сондай-ақ 1 жастан 6-жасқа дейінгі 203 балаға 8,4 млн. теңге жәрдемақы төленді.
Өз өтініштері бойынша аз қамтылған 35 отбасына 2,4 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді. Сондай-ақ, жылдың басынан бері есепте тұрған аз қамтылған туберкулезбен ауыратын 9 адамға барлығы 1,5 млн. теңге материалдық көмек төленді. Бөлім арқылы 2 адамға 1,8 млн. теңгенің тұрғын-үй сертификаты берілді.
2025 жылы мүгедектер үшін 12 әлеуметтік объектіні жартылай бейімдеуден өткізу жоспарланды, оның ішінде білім саласы бойынша- 4 объекті, денсаулық сақтау саласы бойынша -6 объекті, ауылдық округ аппаратының мекемесі -1 объекті, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» -1 объекті. Бүгінгі күнге бейімдеуден өткізілгені- 12 нысан, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.
Сондай-ақ, 14 адам мүгедектік арбамен, 44 адам протездік- ортопедиялық құралдармен, 22 адам тифло-техникалық, 147 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 1-топтағы мүгедектігі бар 16 адамға жеке көмекші қызметі тағайындалды. 31 мүгедектігі бар адамдар «Мойылды», «Сарыағаш» шипажайларына, 2 мүгедектігі бар адам «Қарағайлы» оңалту орталығына жіберілді. Үйде оқытылатын 12 мүгедектігі бар балаға 3,7 млн. теңгеге әлеуметтік көмек төленді.
2025 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және шартты түрде сотталған 7 адамға барлығы 210,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жұмыссыз ретінде есепте тұрған 3 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 адам «Жастар іс-тәжірибесі» арқылы жұмысқа жіберілді, 1 адам тұрақты жұмысқа, 1-адам квота арқылы жұмысқа орналасты.
Ауылды жерлерде жұмыс істейтін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет қызметкерлеріне отын -көмір сатып алу үшін барлығы 1137 адамға 50,3 млн. теңгеге біржолғы материалдық көмек берілді.
«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» барлығы 140 жалғызбасты және мүгедектігі бар балалар мен 18-жастан асқан тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, 103 жалғызбасты қарттарға, 20 мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ 17 мүгедектігі бар балаларға күндізгі бөлімшеде қызмет көрсетіледі.
2025 жылға «Әрбір 10 мың тұрғынға- 100 жаңа жұмыс орнын құру» жобасы бойынша 200 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды. Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан айына 104 жаңа жұмыс орындары құрылды, жоспар 51%-ды құрап отыр. Осы мәселе бойынша ауыл әкімдерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша ауған соғысына қатысушылар саны- 13, Чернобыль апатына қатысушылар саны- 2 адам, Таулы Карабахта және Тәжікстанда қызмет еткендер саны- 16 адам, тыл еңбеккерлері- 29 адам.
Ұлы Жеңістің 80- жылдығына орай облыстық және жергілікті бюджет қаржысынан 31 тыл еңбеккерлеріне 117960 теңгеден 3,6 млн. теңге, Ауған соғысына, Чернобыль апатына қатысушылар мен Таулы Карабахта қызмет еткендерге 196600 теңгеден барлығы 6,3 млн. теңге біржолғы материалдық көмек берілді.
8- наурыз мерекесіне орай «Алтын-алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, сондай-ақ кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы 559 аналарға облыстық бюджеттен 19660 теңгеден барлығы 11,0 млн. теңгенің көмегі берілді.
Бөлім арқылы барлығы 20 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2025 жылдың 1 желтоқсан айына 882 сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік жастар саясаты
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі №581-ІІ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы негізінде 2025 жылы аудандық жастар саясатын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
Ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 3239 адамды құрайды, ол аудан тұрғындарының 24,1 % құрайды. Оның ішінде 1652 ерлер, 1587 қыз балалар. Аудан жастарының 1806 жұмысшы жас, 611 студент, 14-18 жас аралығында 658 оқушы жас, 91 мүгедек жас және 59 жұмыссыз және өзін-өзі қамтығандар жас бар.
Жастар жұмыссыздығын азайту және жұмыспен қамтылмаған жастар арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сай мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды өткізілуде.
Ауданда бүгінгі күні Neet санатындағы - 59 жас тіркелген. Ол Цифрлік отбасы картасы базасында тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 24 адамға азайған. Алайда, аталған 59 адамның ішінде аудан аумағынан тыс жерде тұрып жатқан азаматтар да бар:
Ауданға қатысы жоқ елді мекендерде тұрып жатқандар - 6, Ауданнан тыс жерде тұрып жатқандар - 7,
Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде - 2 адам.
Аудандағы Neet санатындағы жастар санын азайту мақсатында мемлекет тарапынан қарастырылған әлеуметтік бағдарламалар арқылы жұмыспен қамту жоспарлануда. Атап айтқанда:
«Жастар тәжірибесі» бойынша- 17 адам жұмысқа орналасты (жоспар -25),
«Алғашқы жұмыс орны» бойынша - 6 (жоспар -10),
Өз ісін бастауға арналған қайтарымсыз гранттар - биылғы жылға жоспар 5 грант қарастырылып, барлық 5 грант берілді. 1 грант соммасы 400 АЕК - 1 млн 572 мың 800 тг.
Биылғы жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарында 90 сарбаз жасты жұмыспен қамтылды. Бұған аудандық бюджеттен - 7 млн.650 мың теңге, облыстық бюджеттен 3 млн.825 мың тг. бөлінді. Олардың жалақысының 70% - аудандық әкімдік, 30% - облыстық «Жасыл ел» жастар еңбегі жасағы штабы есебінен төленді.
Жастар арасындағы тағы өзекті мәселерге тоқталсақ:
Аудан көлемінде жастармен жасалған қылмыс саны:
2023 жылы-2 қылмыс,
2024 жылы -1 қылмыс.
Өткен 2023-2024 жылдары жастар арасында суицид фактілері тіркелмеген.
Наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрғындар саны:
2023 жыл - 3 жас
2024 жыл - 2 жас
Алкаголдік тәуелділік бойынша тіркеуде тұрғындар саны:
2023 жыл - 11 жас
2024 жыл - 13 жас
Психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғындар саны:
2023 жыл - 72 жас
2024 жыл - 71 жас
Туберкулездік диспансерде тіркеуде тұрғындар саны:
2023 жыл - 2 жас
2024 жыл - 3 жас
Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауданда спорт және шығармашылық үйірмелер жұмыс жасауда. Ұлттық ойындар орталығындағы 7 үйірмеде бүгінгі күні 80 аса бала ұлттық ойындармен шұғылданса, Балалалар шығармашылық сарайының 58 үйірмесінде 1021 бала, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі күні 8 спорт үйірмесінде 796 бала білім алуда.
Одан бөлек, аудан көлемінде 11 ауылдық клуб және 55 спорт нысаны бар. Оның ішінде балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 3 спорт залы, мектептердегі 17 спорт залы, 10 хоккей қорапшасы, 1 кіріктірілген спорт залы (Толағай ауылы), 23 жазықтық құрылым, 1 ипподром. Барлық спорт нысандарында халықтың келуіне жағдай жасалып, келу кестесі бекітілген. Сонымен бірге, Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Кино кеш» акциясы ұйымдастырылып, кино көрсетілуде. Биылғы жылы жастар саясаты саласында іс-шаралар ұйымдастыруға 5 млн.тг.бюджеттен қарастырылған. Жыл басынан бері мемлекеттік жастар саясаты саласында 44 іс-шара ұйымдастырылды.Оның ішінде : Спорттық - 12, мәдени - 21, танымды-интеллектуалды - 11.