Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауына өтінім қабылдау басталды

25-05-2026, 16:41 018.kz

Astana AI Film Festival (AAIFF) халықаралық AI-фильмдер байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылардан өтінім қабылдай бастады. Фестиваль 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Astana AI Week аясында өтеді.

Байқауға толықтай жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған, ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды фильмдер қабылданады. Қатысу тегін және барлық ниет білдірушілерге ашық.

Фестиваль бағдарламасы екі секциядан тұрады: «Өмір сүруге тұрарлық болашақ» тақырыбындағы негізгі бөлім және режиссура, визуал, оқиға мен кейіпкер бойынша ашық номинациялар.

Өтінімдер 2026 жылғы 15 тамызға дейін aaiff.ai сайты арқылы қабылданады. Финалистер қыркүйекте жарияланып, жеңімпаздар Астанада марапатталады.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив