Президент Қазақстанның көптеген пайдалы қазбаларға ие мемлекет ретінде осы табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға барлық күш-жігерін салып жатқанына назар аударды
Елімізде 9,5 мыңнан астам кен орны бар. Қазақстанда жылына шамамен 160 миллион тонна кен өндіріледі. 3,5 миллион тоннаға жуық мыс концентраты шығарылады.
– Жалпы, еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны жақсы деп айтуға болады. Былтыр өңдеу саласындағы жалпы өнім көлемі 60 миллиард долларға жетті. Соңғы үш жылда еліміздің барлық аймағында 540 индустриялық жоба іске қосылды. Соның арқасында 50 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды. Бүгін де бәріміз тағы бір өндірістің басталуына куә болып отырмыз. Бұл – ел экономикасына серпін беретін маңызды оқиға. Жаңа кәсіпорын жылына 300 мың катодты мыс шығарады. Бұл ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді. Осы зауыт іске қосылған соң Қазақстан жоғары сапалы тазартылған мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады. Бұдан бөлек, аталған кәсіпорында алтын және күкірт қышқылы өндірілмек. Бір сөзбен, бұл ауқымды жоба отандық металлургия саласының дамуына қомақты үлес қосатыны сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.
Президент кәсіпорын акционерлерінің алдында өте маңызды міндеттер тұрғанын айтты.
– Әсіресе, жұмысшылардың заңды әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету қажет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты мәні де – осы. Үкімет, жергілікті билік өкілдері еңбек ұжымдарымен тығыз байланыс орнатып, белсенді жұмыс істеуі керек. Бұл жұмыс «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»



