ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Абай облысында сумен жабдықтау жобаларының іске асырылу барысымен танысты
Абай облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов сумен жабдықтау нысандарын аралап, өңірдегі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында су құбыры желілерін салу және реконструкциялау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау, сондай-ақ нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелері қаралды.
Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге, коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға және жобаларды іске асырудың белгіленген мерзімдерін сақтауға ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, Абай облысының Семей қаласында, Бородулиха, Бесқарағай және Аягөз аудандарында орналасқан жеті сумен жабдықтау нысанының қазіргі жай-күйі қаралды.
Қазіргі уақытта аталған нысандардағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, сумен жабдықтау жүйелеріне су берілді. Жекелеген жобалар бойынша қажетті құжаттарды рәсімдеу және нысандарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдалануға беру рәсімдері жалғасуда.
Нысандарды аралау барысында жекелеген жобаларды іске асыруды аяқтауға, сондай-ақ құрылыстың соңғы кезеңдерінде туындайтын ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді шешуге қатысты сұрақтар да қарастырылды.
Сумен жабдықтау жүйелерін дамыту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Аталған жобаларды іске асыру коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша көзделген рәсімдерді уақтылы аяқтау және сумен жабдықтау нысандарының тиісті деңгейде пайдаланылуын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

