Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Құрылтай Төрағасы мен Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі спикері парламентаралық байланыстардың дамуын талқылады

Бүгін, 13:55

ТүркПА отырысы аясында Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Спикері Нуман Куртулмушпен кездесті.

Құрылтай Спикері Қазақстан мен Түркия көшбасшылары арасындағы сенімді саяси диалогты парламенттік деңгейде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Айбек Дәдебай екі ел парламенттерінің достық топтары арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруға, сондай-ақ заң шығару қызметі мен өзара мүддеге негізделген бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға шақырды.

– Парламентарлық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының бірі жасанды интеллект және жаңа технологиялар саласы деп есептеймін. Қазақстан мен Түркия цифрландыруға, ЖИ-ді дамытуға және инновациялық экожүйені қалыптастыруға ерекше назар аударады. Осыған байланысты парламенттеріміздің арасында осы салаларды құқықтық реттеу бойынша тәжірибе алмасуды жолға қоюды ұсынамын, – деді Айбек Дәдебай.


Нуман Куртулмуш қазақстандықтарды Конституцияның сәтті қабылдануымен және Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады. Түркия Парламентінің Спикері Қазақстанға ТүркПА жұмысына төрағалық еткен кезеңде нәтижелі қатысқаны үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың барлық деңгейде дамуының жалғаса беруіне тілектестік білдірді.

Тараптар сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың сәтті нығаюын, энергетика саласындағы, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын да талқылады. Сауда-логистикалық бағыттарды, білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудағы өзара мүдделілік атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив