Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
470.8 545.99 6.6

Сенат Бюросының отырысы өтті

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат Бюросының отырысы өтті. Депутаттар 28 мамырға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін қарады.

Бюро мүшелері Палатаның алдағы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қарау туралы қаулы қабылдады. Құжаттың негізгі мақсаты – елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, сондай-ақ инвестиция үшін қолайлы жағдай қалыптастыру. Атап айтқанда, екі елдің резиденті заңды және жеке тұлғалардың табысына қосарланған салық салуды болдырмау көзделген.

«Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң Қазақстан аумағы арқылы жүк ағынын ұлғайтуға, көлік бағыттарын дамытуға және еліміздің транзиттік хаб ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ Палата отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң және басқа да заңдар шығарылды.

Отырыс барысында депутаттар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды тұрақты комитеттер арасында бөліп берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив