Cемей36°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
479.26 546.21 6.13

Қазақстан цифрлық экономиканың технологиялық іргетасын қалауда

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Парламент палаталарының қорытынды бірлескен отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Отырыс барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасады.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны Қазақстан дамуының негізгі басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Осы ретте соңғы алты айда Қазақстанның цифрлық болашағына арналған реттеуші жəне институционалдық негіз жедел қалыптастырылды. Қазақстан азаматтары жаңа Конституцияны қабылдады. Онда азаматтардың цифрлық құқықтары, соның ішінде дербес деректерді қорғау құқығы бекітілді. Конституциялық деңгейде Alatau City қаласының ерекше мəртебесі айқындалды. «Цифрлық кодекс», «Жасанды интеллект туралы» заң, «Цифрлық активтер туралы» заң, «Киберқауіпсіздік туралы» заң, сондай-ақ телекоммуникациялар нарығын жəне деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға қатысты заң қабылданды. Осы жылғы 9 маусымда Мемлекет басшысы 2029 жылға дейінгі жалпыұлттық Digital Qazaqstan стратегиясын бекітті. Бұл – экономика салаларында жəне мемлекеттік басқаруда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні кең көлемде енгізуге арналған кешенді құжат.

«Өткен жылы өңірде алғашқы суперкомпьютерлік кластерлер іске қосылды. Олар ең қуатты əлемдегі суперкомпьютерлердің TOP 500 рейтингіне енді.  Бүгінде сол қуатты стартаптар, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік органдар мен компаниялар пайдалануда. Биыл біз əлемдік деңгейдегі Дата-центрлер алқабын салуды бастадық.  Жобаның мақсатты қуаты кемінде 1 гигаВатт болады.  Негізгі артықшылықтары – қолжетімді электр энергиясы жəне деректерді жоғары жылдамдықпен жеткізу. Қазірдің өзінде шетелдік ірі компаниялармен бірлесе отырып жалпы қуаты кемінде 250 МВт болатын 2 фазада жасанды интеллект датацентрлерін іске қосу бойынша жұмыстар басталды. 2026 жылғы 13 маусымда NVIDIA қолдауымен Firebird AI компаниясымен 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде келісімге қол қойдық. Байланыс цифрлық трансформацияның базалық шарты болып қала береді. 2028 жылға қарай ауылдардың 92%-ы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. 20 ірі қалада 5G желісі дамытылуда. Ұзындығы 4 мың шақырымнан асатын талшықты-оптикалық гипермагистраль құрылысы жалғасуда. 40 мың шақырым республикалық жəне облыстық маңызы бар жол байланыспен қамтамасыз етіледі. Спутниктік интернет арқылы ел аумағы толық қамтылуда. Біз өз мамандарымызды даярлаудың үздіксіз траекториясын қалыптастырдық. Мысалы, TUMO – 12 мен 18 жас аралығындағы балаларға арналған креативті технологиялар орталығы. Tomorrow School болса ересектерге арналған. Ол практикалық жасанды интеллект мамандарын даярлауға бағытталған», —  деді Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев. 

Келесі кезең – осы жылғы 1 қыркүйекте Қазақстандық жасанды интеллект зерттеу университеті – Qazaq AI Research University іске қосу. Еліміз мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Жасанды интеллект құралдары кеңінен енгізілуде. Ұлттық жасанды интеллект платформасы AI-агенттерді əзірлеу, аударма жасау, хаттамалау жəне қызметтік хат-хабарларды дайындау үшін пайдаланылуда. e-Otinish AI жүйесінде азаматтардың 2 миллионнан астам өтініші жасанды интеллект көмегімен өңделді. Бірыңғай QazTech платформасы толық іске қосылды. Жыл басынан бері платформадан тыс жаңа ақпараттық жүйелерді əзірлеуге мораторий енгізілді. 2027 жылдың соңына дейін орталық мемлекеттік органдардың негізгі ақпараттық жүйелерінің барлығын платформаға көшіру жоспарланған. 

«Біз eGov жəне eGov Business жаңа буынын дамытудамыз. AI-ассистенттер жəне проактивті мемлекеттік қызметтер моделіне көшудеміз. Халыққа қызмет көрсету орталықтары халықтың цифрлық кеңселері болып трансформацияланатын болады. Халық пен мемлекеттің біріңғай коммуникация каналы ретінде AITU ұлттық экожүйесі дамытылуда. e-Parliament платформасының сынақ нұсқасы іске қосылды. Бір палаталы Құрылтай жаңа моделіне бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жасанды интеллект жəне цифрлық даму министрлігі ішкі процестерді жүйелі  AI-трансформациялауға алғашқылардың бірі болып көшуде. 151 бизнес-процесс реинжинирингтен өтті. Министрліктің 300 қызметкері жасанды интеллект дағдылары бойынша оқытудан өтті. Жасанды интеллект шешімдерін одан əрі өз бетінше дамыту жəне бейімдеу үшін ішкі құзыреттер қалыптастырылуда. Министрліктің 180-нен астам қызметкері vibe coding бойынша оқудан өтті. Бұл күнделікті қайталанатын міндеттерді оңтайландыруға жəне талдамалық əрі анықтамалық материалдарды дайындауды жеделдетуге мүмкіндік береді», — деді ол.

Қазақстан Еуразияның жоғары технологиялық жəне іскерлік хабы ретіндегі мəртебесін нығайтып келеді. Alem.ai технологиялық дипломатияның негізгі алаңдарының біріне айналды.  Орталыққа 40-тан астам ресми делегация, мемлекет басшылары жəне жетекші халықаралық компаниялардың басшылары келді. Қазақстан сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде халықаралық мойындауға ие болды.  Биыл сəуір айында Бангкок қаласында өткен БҰҰ ЭСКАТО-ның 82-сессиясында тарихи қарар қабылданды.  Соған сəйкес Алматы қаласында Цифрлық шешімдер орталығы құрылады. Жеке бағыттардың бірі – Alatau City.  Бұл – перспективалы технологияларды енгізуге арналған сынақ алаңына айналатын жаңа буындағы инновациялық қала. Осы мақсатта арнайы құқықтық режим қабылданды. Қазақстан АҚШ-тың Pax Silica жəне  AI Opportunity Partnership бастамаларына қосылып, AI-экономикалар клубына енді. Бұл Қазақстанға жартылай өткізгіштер, чиптер, батареялар жəне аса маңызды минералдарды өңдеу салаларындағы қосылған құнның жаһандық тізбегіне кірігуге мүмкіндік береді. Яғни, шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар өнімдерге көшуге жол ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив