Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтіп жатыр.

Елімізде "Назар аударыңыз, балалар!" акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – балаларды жолдағы қауіптен қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру.

Оқу жылы басталар алдында мектептер мен білім беру ұйымдарының маңында бақылау күшейтіледі. Полицияның міндеті – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырады. Әсіресе балалардың жолға күтпеген жерден шығып қалуы мүмкін екенін әрдайым ескерудің маңызы зор.

Қазіргі уақытта мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексерілуде. Сонымен қатар мектеп автобустары мен балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігі де бақылауға алынған. Тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымына қатысты 548 нұсқама берілді.

ІІМ ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін күн сайын еске салып отыруға шақырады. Балаларға мектепте, көшеде, қоғамдық көлікте және интернетте қауіпсіздік талаптарын сақтауды үйретудің маңызы зор.

Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік. Балалар аман болса – елдің ертеңі де қауіпсіз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив