Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
467.98 533.87 6.11

Абай облысының ветеринарларына алғаш рет 53 жаңа автокөлік берілді

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семейдегі Шәкәрім университетінде ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, ветеринария саласының мамандары мен ардагерлері қатысты.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде ветеринария қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға беріп, олардың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

«Ветеринария саласы – агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының, мал шаруашылығының өркендеуінің және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігінің берік негізі. Сіздер күн сайынғы қажырлы еңбектеріңізбен өңіріміздің эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін сақтауға, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Бұл – үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін маңызды қызмет. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және ветеринариялық қызметтің әлеуетін арттыруға ерекше назар аударып келеді. Осы саясат аясында Абай облысында да ветеринария саласын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен ел игілігі жолындағы адал қызметтеріңіз ерекше құрметке лайық. Қандай жағдайда болмасын өз міндеттеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Берік Уәли.

Салтанатты шара барысында облыстың мал дәрігерлеріне лайықты құрмет көрсетілді. Осы салаға ерекше еңбек сіңірген жандар Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, Құрмет грамотасымен, «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ерекше атап өтерлігі, салтанатты шара барысында өңір тарихында алғаш рет ветеринариялық қызметке 53 жаңа автокөліктің кілті табысталды. Облыстық ветеринария қызметі мен аудандық ветеринария бөлімдеріне JAC T-8 маркалы 12 қызметтік автокөлік, өңірдегі ветеринариялық пункт меңгерушілеріне 30 Нива мен 5 мал тасымалдайтын арнайы автокөлік, 5 дезинфекция жүргізуге арналған арнайы техника және 1 ветеринариялық препараттарды тасымалдауға арналған арнайы автокөлік берілді. Сондай-ақ, 77 тоңазытқыш, 260 термочемодан және 74 компьютерлік техника жиынтығымен қамтамасыз етілді.

«Бүгінгі салтанатты шараның өзіндік тарихи маңызы бар. Сіздердің мерекелеріңіз қарсаңында өңір тарихында алғаш рет ветеринариялық қызметке жаңа, 53 қызметтік автокөліктер табысталғалы отыр. Бұл – ветеринария саласына көрсетіліп отырған нақты қолдаудың жарқын көрінісі. Жаңа автокөліктер шалғай ауылдық округтерде еңбек ететін мамандардың мобильділігін арттырып, түрлі мал ауруларының алдын алу және ветеринариялық іс-шараларды уақтылы әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, ветеринария саласының материалдық-техникалық базасы сын көтермейтін жағдайда болатын. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар қайта жанданып, ветеринариялық ұйымдарды кезең-кезеңімен заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қолға алынды. Бұл салаға соңғы рет 2013 жылы жаңа техникалар берілген екен. Ол техникалардың көпшілігінің тозығы жетіп тұр. Бүгінгі жаңа техникалар сала мамандардың жұмысына тың серпін береді деп ойлаймыз», – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив