Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Көлік капотына мініп алған: Семейде жол ережесін бұзған жастар жаза арқалады

21-07-2026, 14:22 018.kz

Семейде полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оқиға Қарағайлы шағын ауданында болған.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Toyota RAV4 қозғалыстағы автокөліктің капотында жолаушының отырған бейнежазбасын анықтады. Қатысушылардың жеке басы жедел анықталды. Көлік тізгінінде қаланың 22 жастағы тұрғыны болған. Ол жолаушыны көліктің салонынан тыс тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, қозғалыс кезінде автокөліктің капотында отырған 24 жастағы жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мұндай әрекеттердің адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін атап өтеді. Тіпті болмашы тежелу, күрт маневр жасау немесе жол-көлік оқиғасы адамның көліктен құлап, ауыр жарақат алуына әкелуі мүмкін.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив