Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.59 536.22 5.96

Абай облысында «Айдарлы» тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

Бүгін, 14:59 018.kz

Абай облысында «Айдарлы» тау-кен байыту комбинаты құрылысының бастауы болған ескерткіш капсула салу рәсімі өтті. Жаңа КБК Қазақстанның тау-кен өндіру саласының ірі жобаларының біріне айналады және елдің өнеркәсіптік дамуына елеулі үлес қосады.

Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, компания басшылығы мен серіктестер қатысты.

Жобаны «Aidarly Mining» ЖШС жүзеге асыруда. Жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін «Айдарлы» КБК жылына 75 млн тонна кен өңдей алады. Кәсіпорын мыс концентратында жылына 226 мың тонна және молибден концентратында Молибден жылына 3,55 мың тонна өндіретін болады. Өндірістік кешеннің құрамына карьер, ұсақтау кешені, байыту фабрикасы, энергетикалық, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілері, сондай-ақ жұмысшылардың жайлы демалуына және спортпен шұғылдануға арналған аймақтары бар вахталық қала кіреді.

«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС бас директоры және басқарушы компанияның өкілі Фарит Суфиянов атап өткендей, жобаның Қазақстан экономикасына айтарлықтай мультипликативті әсері бар.

«Айдарлы» КБК - да 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, ал жобаны іске асыруда біз қазақстандық мамандардың, мердігерлер мен жеткізушілердің әлеуетін барынша пайдалануды жоспарлап отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша, жобаны іске асырудың барлық кезеңінде жиынтық салық түсімдері 1,43 трлн теңгеден асады", - деді «Ақтөбе Мыс компаниясы» ЖШС Бас директоры Фарит Суфьянов.
«Aidarly Mining» ЖШС негізін қалаушы Эдуард Огай Жаңа Тау-кен байыту комбинаты Абай облысының дамуына жаңа серпін беріп, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтатынын атап өтті.

"Бүгін біз «Айдарлы» жобасын іске асырудың жаңа кезеңіне - болашақ кәсіпорынның құрылысына көшеміз. Бұған дейін геологиялық барлау, жобалау, инженерлік шешімдерді әзірлеуді қамтитын үлкен дайындық жұмыстары болды. Біз «Айдарлы» Қазақстанның тау-кен өндіру саласын дамытуға үлес қосады деп сенеміз. Біз үшін бұл аймаққа инвестициялар, жаңа жұмыс орындары, заманауи технологиялар және болашақ даму мүмкіндіктері", - деді Эдуард Огай.

Жобаны іске асырудың негізгі қағидаттарының бірі қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау болады. Өндіріс заманауи экологиялық талаптарды ескере отырып жобаланады және технологиялық процесте суды тазартуға және қайта пайдалануға мүмкіндік беретін су айналымының тұйық циклін көздейді. Кен орнын игеру аяқталғаннан кейін елдің экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес бұзылған жерлерді кешенді қалпына келтіру жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив