Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

NIS Семей оқушысы IOI 2026 олимпиадасында қатарынан екінші рет күміс медаль жеңіп алды

18-08-2026, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әкежан Асқар информатикадан өткен 38-ші Халықаралық олимпиадада (IOI 2026) күміс медаль иеленді. Биылғы беделді халықаралық жарыс Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті.

Әлемнің 90-нан астам елінен 300-ден аса оқушы қатысқан олимпиада информатика саласындағы ең ірі әрі беделді халықаралық білім додаларының бірі саналады.

International Olympiad in Informatics (IOI) — мектеп оқушылары арасында информатика пәнінен өтетін халықаралық олимпиада. Қатысушылар жеке дара сайысқа түсіп, күрделі алгоритмдік есептерді шешу арқылы өз білімдері мен дағдыларын сынайды. Олимпиада барысында талдау, алгоритмдер мен деректер құрылымын әзірлеу, бағдарламалау және бағдарламаларды тестілеу қабілеттері бағаланады.

Жарыс екі кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің бір жарыс күнінде қатысушыларға үш есепті шешу үшін бес сағат уақыт беріледі.

Әкежан Асқар үшін бұл — IOI олимпиадасындағы қатарынан алған екінші күміс медалі. Өткен жылы ол Боливияның Сукре қаласында өткен халықаралық олимпиадада да күміс жүлдеге ие болған.

Осылайша, Семейлік жас информатик халықаралық деңгейдегі жетістігін екінші жыл қатарынан дәлелдеп, Қазақстанның олимпиадалық құрама қоржынына кезекті жүлдені қосты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив