Семейде 400-ге жуық Ұлттық ұлан сарбазы алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Семей қаласында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5511 әскери бөлімінің 400-ге жуық әскери қызметшісі таңертеңнен бастап Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Мемлекет болашағы мен елдің саяси өмірі үшін маңызды науқанға әскери бөлімнің барлық жеке құрамы белсенді қатысты. Әскери қызметшілер Алматы, Жетісу, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан әскер қатарына шақырылған.
Солардың қатарында Астана қаласынан Ұлттық ұлан сапына шақырылған қатардағы жауынгер Ерсұлтан Құрманбаев та бар. Ол сайлау учаскесіне барып, азаматтық таңдауын жасады.
«Бүгінгі Құрылтай сайлауы – ел болашағы үшін маңызды саяси оқиға. Әр азамат өзінің таңдауын жасап, ел дамуына өз үлесін қосуы керек деп есептеймін. Сондықтан мен де азаматтық борышымды орындап, өз таңдауымды жасадым», – деді Ерсұлтан Құрманбаев.
Айта кетейік, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Аталған учаскелерде мерзімді әскери қызметшілермен қатар офицерлер мен сержанттар да дауыс беруде.
Әскери қызметшілердің сайлауға қатысуы – олардың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласатынын көрсетеді.



