Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Қоғам қайраткері Орал Шәріпбаев: «Ел өмірінде жаңа кезең басталды»

23-08-2026, 08:02 Думан Кенжеғазыұлы

Қоғам қайраткері Орал Шәріпбаев бүгін Семей қаласындағы №84 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.

Ол қазіргі таңда ел өмірінде маңызды өзгерістер орын алып, қоғам үшін жаңа кезең басталып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, уақыт талабына сай қоғамдық көзқарастар да жаңарып, азаматтар жаңа бастамаларды қабылдауға дайын болуы қажет.

«Ескі дүниемен бірге ескірген көзқарастар да артта қалуы тиіс. Қоғам өзгеріске бейімделіп, жаңа бастамаларды жаңа сипатта қабылдауға дайын болғаны жөн. Әрбір жаңашылдықтың өз нәтижесі бар. Уақыт өте келе қолға алынған бастамалар өз арнасына түсіп, елдің дамуына қызмет етеді», – деді Орал Шәріпбаев.

Қоғам қайраткері сайлаудың ел болашағын айқындаудағы маңызын да атап өтті. Оның айтуынша, азаматтардың сайлау процесіне белсенді қатысуы – қоғамның саяси мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі.

Орал Шәріпбаев тұрғындарды өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Оның пікірінше, елдің ертеңі әр азаматтың таңдауы мен қоғамдық белсенділігіне тікелей байланысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив