Сайлау күніне орай 100-ден астам фотосуреттен символдық мозаика жасалды
Абай облысында Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған ерекше фотомозаика жасалды. Бірегей композицияға дауыс беруге қатысқан өңір тұрғындарының 100-ден астам фотосуреті енгізілді.
Әрбір сурет жалпы композицияның бір бөлігіне айналып, қазақстандықтардың бірлігін, ел болашағына деген жауапкершілігін және азаматтық белсенділігін бейнелейді.
Фотомозаика арқылы сайлау күніне қатысқан тұрғындардың бейнесі біртұтас картинаға біріктіріліп, ел тағдырына ортақ жауапкершілік пен қоғамның бірлігін көрсететін символдық туынды жасалды.
Айта кетейік, бүгін, 23 тамызда, Абай облысында 464 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңірде дауыс беру құқығына ие 402 408 тұрғын бар.
Барлық сайлау учаскелерінде ашық әрі ұйымдасқан түрде дауыс беруге қажетті жағдай жасалған.