Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Семейде бүгін терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

27-08-2026, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілуде.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – террористік сипаттағы қатерлерге жедел ден қоюға тартылатын күштер мен құралдардың әзірлік деңгейін арттыру. Іс-шара барысында нақты жағдайларға барынша жақындатылған түрлі ахуалдық сценарийлер пысықталуда.

Оқу-жаттығу аясында оқу жағдайы пысықталып жатқан нысандардың бірі – «Дана» сауда үйі (ЦУМ). Осыған байланысты жол-көлік желісінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілген. Атап айтқанда, Найманбаев – Мұхамедханов, Қабанбай батыр – Мұхамедханов және Уәлиханов – Мұхамедханов көшелерінің қиылыстары аумағында қозғалыс уақытша шектелген.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды, расталмаған ақпаратты таратпауды және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив