ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізілді
2022 жылғы наурызда "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына және ақпараттандыру саласында мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аралық бағалау жүргізілді.
Мемлекеттік аудит барысында қолданыстағы заңнамада шартта мәлімделген және интернет-қосылудың нақты параметрлері арасындағы елеулі алшақтық үшін байланыс операторларының әкімшілік жауаптылығы мәселесі реттелмегені анықталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тіркелген интернеттің мәлімделген және іс жүзінде ұсынылатын параметрлері арасындағы алшақтық үшін байланыс операторларының әкімшілік жауаптылығы айыппұлының мөлшерін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Тапсырманы орындау үшін 2022 жылғы 11 шілдеде "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда байланыс қызметтерін ұсынатын кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін күшейту, атап айтқанда пайдаланушыларға сапа бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін ұсынғаны үшін, байланыс саласындағы жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту бөлігінде түзетулер көзделген.
Тағыда оқыңыз
2022 жылдың қорытындысы бойынша Цифрлық министрлікте кеңейтілген алқа отырысы өттіШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл туралыМинистрлермен және әкімдермен кездесулер кезінде азаматтар 1,5 мыңнан астам проблемалық мәселені көтердіӘлихан Смайылов Үкіметтің 2023 жылға арналған басым міндеттерін белгіледі