Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Астанада WorldSkills Shanghai 2026 жүлдегерлері мен қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Бүгін, 11:43 018.kz

Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 кәсіби шеберлік бойынша әлем чемпионатынан сегіз марапатпен оралды. Әуежайда қатысушыларды туған-туыстары, достары, тәлімгерлері және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қарсы алды.

Жұмысшы мамандықтарын дамыту және білікті кадрлар даярлау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше назарында. Президенттің бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Студенттердің жетістіктері кәсіби білім беруді мемлекет тарапынан жүйелі қолдаудың маңызын көрсетеді.

Руслан Нестеренко әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілген «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша қола медаль иеленді.

Кәсіби шеберлігі үшін медальдарды Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн»), сондай-ақ Рамазан Нұрлан мен Денис Панин («Мехатроника») иеленді. Камила Алиева «Цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігі бойынша «Best of Nation» марапатына ие болды.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қатысушыларға министр Жұлдыз Сүлейменованың атынан алғыс хаттар табыстап, табысты өнер көрсетуімен құттықтауын жеткізді.

48-ші әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты. Құрама мүшелері мен олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив