Алматыда Шәрбану Құмарованың шығармашылығына арналған кеш өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Құмарованың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.
Кешке жазушылар, әдебиеттанушылар, мәдениет және өнер саласының өкілдері қатысты.
Жиында Шәрбану Құмарованың өмірі, шығармашылық жолы және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі сөз болды. Қаламгердің көзін көрген замандастары мен әріптестері сөз сөйлеп, ол туралы естеліктерін бөлісті.
Кеш аясында Ұлттық кітапхана қорынан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының әр жылдары жарық көрген шығармалары, әдеби басылымдардағы мақалалары мен шығармашылығына арналған материалдар қойылды.
Тағыда оқыңыз
2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға ие болғандар тізімі жарияландыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыЖаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияландыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі