Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Астанада Халық Кеңесінің азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі тақырыбында отырыс өтті

Бүгін, 10:00

Астанада Қазақстанның Азаматтық альянсы жанындағы «Ұстаным» пікірталас клубының «Халық Кеңесі: Қазақстанның жаңа саяси жүйесінде азаматтардың қоғам ісіне қатысудағы рөлі» тақырыбындағы отырысы өтті.

Жиында Халық Кеңесінің азаматтардың қоғамдық үдерістерге араласуындағы рөлі, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік институттар арасындағы байланыс және қоғамдық диалогты дамытудың алдағы бағыттары сөз болды.

Қоғам үшін маңызды шешімдерді талқылау кезінде сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің пікірін ескеру, олардың белсенділігін арттыру жайы айтылды. Отырысқа қатысушылар осы бағытты жетілдіруге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Отырыс барысында қоғамдық диалогты одан әрі дамытуға қатысты пікірлер айтылып, бірқатар ұсыныс талқыланды.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив