Асхат Ажар мен Ерасыл Қажыбаев Қазақстан құрамасының сапында Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасы Азия ойындарында дзюдодан командалық бәсекеде күміс жүлдеге ие болды. Ел намысын командалық жарыста өңіріміздің спортшылары Асхат Ажар мен Ерасыл Қажыбаев қорғады.
Қазақстандық дзюдошылар ширек финалда Қырғызстан құрамасын 4:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті. Ал финалдық бәсекеде Жапония құрамасына есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Осылайша, Асхат Ажар мен Ерасыл Қажыбаев Қазақстан құрамасының сапында Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін жерлесіміз Ажар Асхат Азия ойындарында дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болған еді.
Тағыда оқыңыз
Олжас Бектенов Президент атынан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік наградалар табыс еттіҚазақ спортшылары пара пауэрлифтингтен әлем Кубогында 32 медаль жеңіп алдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыЖаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияланды





