Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.14 500.35 5.24

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін, 08:02

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Лорд Анас Сарвармен кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективасын талқылады.

Серік Жұманғарин Қазақстан Ұлыбританияны маңызды және сенімді стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, британдық делегацияның сапары екіжақты қатынастарға жаңа серпін беріп, қол жеткізілген уағдаластықты іс жүзінде іске асыруға көшуге мүмкіндік туғызады.

Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Лорд Анас Сарвар әріптестіктің өзара сипатын атап өтіп, британдық тараптың Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін білдірді.

Кездесу барысында ашық та сындарлы диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың басым бағытын іске асыруда бірлесіп жұмыс істеуге мүдделілік расталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив