Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.14 500.35 5.24

БАӘ министрі Astana AI Film Festival-ін жасанды интеллект мүмкіндіктерінің үлгісі деп атады

Бүгін, 18:19


Қазақстанда өткен Astana AI Film Festival халықаралық деңгейде жасанды интеллектіні шығармашылық индустрияда қолданудың жарқын мысалы ретінде аталды. БАӘ-нің жасанды интеллект жөніндегі мемлекеттік министрі Омар Әл-Олама Абу-Дабиде өткен AI Everything жаһандық саммитінде қазақстандық фестиваль туралы айтып, оның мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.

Министрдің сөзінше, ол Қазақстанға сапары барысында фестивальге қатысып, жасанды интеллект көмегімен жасалған шығармашылық жұмыстармен танысқан. Оның айтуынша, бір адамның ғана AI құралдарын пайдалана отырып фильм немесе бұрын жасау үшін үлкен шығармашылық топ пен миллиондаған доллар қажет болатын контентті әзірлеуі – технологияның әлеуетін айқын көрсетеді. Омар Әл-Оламаның пікірінше, мұндай құралдар адамдардың өзін шығармашылық тұрғыда таныту тәсілін түбегейлі өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар, жасанды интеллект контент авторларына міндетті түрде инфлюенсер болмастан, өз еңбегін монетизациялауға мүмкіндік бере алады.

Айта кетейік, алғашқы Astana AI Film Festival байқауына әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 2 миллион АҚШ долларын құрады.

Дереккөз: @kazinform_news

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив