Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Семейде ағза донорлығын қолдау мақсатында тұрғын үй кешені жарықтандырылды

Бүгін, 10:09

9 қазан – Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күніне орай Семей қаласындағы «Aizere» тұрғын үй кешенінің қасбеті фуксия түсті сәулеттік жарықпен көмкерілді.

Бұл бастама қоғам назарын ағза донорлығы мен трансплантацияның маңыздылығына аударуға, тұрғындардың осы бағыттағы хабардарлығын арттыруға арналған.

1996 жылдан бері аталып өтіп келе жатқан бұл күннің негізгі мақсаты – ағза донорлығы мен трансплантацияны дамытуға қолдау көрсету және медицинаның осы саласына деген қоғамдық сенімді нығайту.

Ағза донорлығы – адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Осындай шаралар донорлық мәдениетін қалыптастыруға және оның қоғам үшін маңызын түсіндіруге ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив