Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Облыс әкімі қаламгер Роллан Сейсенбаевпен кездесті

Бүгін, 14:22

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли белгілі жазушы, драматург, аудармашы әрі баспагер, жерлесіміз Роллан Сейсенбаевпен кездесті.

Көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаев өзінің шығармашылығы арқылы қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін кеңінен танытып, ұлы Абайдың мұрасын әлемге насихаттауға зор еңбек сіңіріп келеді.

Жазушының 80 жылдық мерейтойына орай 15 қазан күні Семей қаласында бірқатар мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерейтой аясында жергілікті ақын-жазушылармен кездесу өтіп, қаламгердің шығармашылығына арналған «Майдан әндері» спектаклі қойылады.

Облыс әкімі кездесуде жазушының қазақ әдебиеті мен руханиятын , Абай мұрасын кеңінен насихаттауға қосқан үлесін атап өтіп, мерейлі мерейтойымен құттықтады.

«Туған жеріңізге қош келдіңіз! Сізді  80 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегіңіз зор. Абай облысының руханиятын, ұлы Абайдың мұрасын насихаттап жүргеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Өзіңіздей қаламгерлердің еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге», – деді Берік Уәли.

Өз кезегінде Роллан Сейсенбаев арнайы қабылдап, құрмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

«Руханият өкілдеріне деген ықыласыңыз, әдебиет пен мәдениетке көрсетіп отырған қолдауыңыз бізді қуантады. Өз туған жерімде осындай құрмет-қошеметке бөлену мен үшін ерекше қуаныш. Абай облысы өсіп-өркендей берсін», – деді жазушы.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив