Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіру жұмысына кірісті
Құрылтайда көші-қон заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жиынға депутат Ләззат Жылқыбаева жетекшілік етіп, оған тиісті ведомстволардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Өзгерістер шетелдік инвесторлар мен жоғары білікті мамандарды тартуға, сондай-ақ шетелге жұмыс істеуге баратын қазақстандықтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған.
Негізгі жаңашылдықтардың бірі – Қазақстанға шетелдік капиталды, технологиялар мен білікті мамандарды тартуға арналған «Алтын виза» институтын енгізу.
Сондай-ақ заң жобасында ұзақ мерзімді резидент мәртебесін беру, «Алтын визаның» цифрлық куәлігін рәсімдеу және Ішкі істер министрлігінің QazETA платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен құжаттарды онлайн тапсыру көзделген.