Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
450.62 504.2 5.36

Облыс әкімі халықтың осал топтарына арналған тұрғын үйлерді бөлу жұмыстарын жандандыруды тапсырды 

Бүгін, 18:19


Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен мемлекет қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлерді халықтың осал топтарына уақтылы бөлу мәселесіне арналған арнайы жиын өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының директоры Равиль Сәбитов баяндады.

Қазіргі уақытта облыстың аудандарында, сондай-ақ, Семей және Курчатов қалаларында мемлекет қаражаты есебінен салынған жалға берілетін тұрғын үйлерді бөлу, тарату жұмыстары жүргізілуде. 14 қазандағы мәлімет бойынша, биыл берілген тұрғын үйлерді қоса алғанда, жалпы саны 1127 пәтер қарастырылған. Оның 830-ы бөлінген. Ал қалған 297 пәтер бойынша бөлу жұмыстары әлі аяқталмаған.

Жиында аймақ басшысы аудан және қала әкімдерінің осы бағыттағы жұмысын сынға алып, тұрғын үйлерді азаматтарға уақтылы тапсыру жұмысын жандандыруды тапсырды.

«Бұған дейін аппараттық мәжілісте бұл мәселені қарастырып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысы жоспарларының орындалуын бақылау және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде арнайы тапсырма берген болатынмын. Абай ауданының тәжірибесін басшылыққа алуды айттым. Жұмыс жүргізілген, бірақ жеткілікті деңгейде емес. Тек Абай ауданы мен Курчатов қаласы тапсырманы уақтылы орындап, тұрғын үйлерді бөлді. Сондықтан басқа аудан әкімдері осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет. Әр аудан нақты міндеттемелер алып, тұрғын үйлерді бөлу мерзімдерін белгіледі. Жұмысты күшейтіңіздер. Үйді салдық, енді оны халыққа уақтылы беруіміз керек», – деді Берік Уәли.

Аймақ басшысы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесінің маңызды екенін атап өтіп, бөлінбей қалған пәтерлер бойынша жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив