Құрылтайда Еуропалық Одақпен парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Медеуова ҚазақстанРеспубликасындағы Еуропалық Одақ Елшісі Алешка Симкичпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропа арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, парламентаралық байланыстарды нығайту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрылтайы мен Еуропалық Парламент арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жайын талқылады.
Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға, салалықкомитеттер, достық топтары мен парламенттік делегациялар арасындағы байланыстарды жандандыруға ерекше назар аударылды.
Осыған байланысты тараптар 27-28 қазанда Астанада өткізу жоспарланған «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің алдағы 23-ші отырысын талқылады.
Өз кезегінде елші Алешка Симкич Қазақстанның Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестікті, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимыл бағытында одан әрі дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.