Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
454.14 509.23 5.41

Құрылтайда құрылыс алаңдарындағы шу мен қауіпсіздік мәселелері қаралды

Бүгін, 17:26

Құрылтайда депутат Александр Даниловтың төрағалығымен құрылыс алаңдарында тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

Жиынға Құрылтай депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, Бас прокуратураның, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ салалық сарапшылар қатысты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері азаматтардың құрылыс жұмыстары кезіндегі шуға қатысты шағымдары бойынша 2,1 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Қайталанған құқық бұзушылықтар саны да 225-тен 361-ге дейін өскен.

Кездесу барысында қатысушылар құрылыс жұмысы кезінде тыныштықты сақтауға, сондай-ақ құрылыс алаңдары мен іргелес аумақтарда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңнамалық және нормативтік шараларды талқылады.

Депутаттар М. Шибутов, А. Сүлеймен және Ш. Ерназар осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Кеңес қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, айтылған барлық ұсынысты жинақтап, көтерілген мәселелерді шешудің нұсқаларын әзірлеу ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив