19 қазанда елімізде Құтқарушылар күні атап өтіледі
Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жолында табандылық пен батылдықтың үлгісін көрсетіп келесіздер. Төтенше жағдайларда жедел шешім қабылдап, қиын сәтте көмекке келу — үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті және асқан ерлікті талап ететін абыройлы міндет.
Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз, жоғары біліктіліктеріңіз бен Отанға деген адалдықтарыңыздың арқасында талай адамның өмірі сақталып, ел тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.
Әсіресе, өмірін осы жауапты салаға арнап, мол тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ардагерлерге ерекше алғыс білдіреміз.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Қызмет барысында әрдайым қауіпсіздік серіктеріңіз болып, атқарған әрбір істеріңіз сәтті аяқталсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!