Семейде түрмеге алты ұялы телефон өткізбек болған тұрғын ұсталды
Семей қаласында түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған тұрғын ұсталды. Ол мекеме қоршауының сыртынан ішке қарай белгісіз заттарды өткізбек болған. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға №20 түзеу мекемесінің маңында болған. Мекеме қызметкерлерімен бірлесе қызмет атқарған Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің бақылау қызметі взводының командирі тыйым салынған аймақты бақылау кезінде күдікті азаматты байқап, оны қолға түсірген.
Тексеру барысында Семей қаласының тұрғыны мекеме аумағына SIM-карталары бар алты ұялы телефон, төрт қуаттау құрылғысы және сымды әрі сымсыз құлаққап өткізбек болғаны анықталды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, тиісті құжаттар рәсімделген. Оқиғаға қатысты материалдар одан әрі қарау үшін құзырлы органдарға тапсырылды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Семей қаласында кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі қай жерлерде өтетіні белгілі болдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ